Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631 - құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің
1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

2021 жылғы 1қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;

медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

2021 жылғы 1қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;

медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блоктарының негізгі персоналы):

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;

біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы):

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады»;

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

реттік нөмірі 3-жолда:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«

4)

Мамандарға сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балалар мен

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйлерінде жұмыс істегені үшін:

 

 

 

 

дәрігерлер, орта медицина персоналы

БЛА-дан 30 %

 

педагогика персоналы

БЛА-дан 120 %

 

санитар, күтуші

БЛА-дан 50 %

»;

12) тармақша алып тасталсын;

реттік нөмірі 5-жолдағы 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:

реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар алып тасталсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу