Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  1. «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 909 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 725-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

«17) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау (бұдан әрі – зерттеп-қарау) – электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттерін бағалау.»;

3-тармақтағы «қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) уәкілетті орган бекітетін электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдаланатын, сақтайтын, өңдейтін және тарататын ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік беруді қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті.»;

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 248-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

  1. тармақшада:

бір жүз қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту;»;

бір жүз елу екінші, бір жүз жетпіс сегізінші, екі жүз қырық бірінші және екі жүз қырық екінші абзацтар алып тасталсын;

екі жүз жетпіс алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс жетінші, екі жүз жетпіс сегізінші және екі жүз жетпіс тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру объектілерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарды жасау, іздеу, жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу, алу, пайдалану, өзгерту, көрсету, тарату және беру бөлігінде іске асыруды қамтамасыз ету;

қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған деректерді кейіннен орналастыру мақсатында оларға талдау жүргізу қағидаларын бекіту;»;

2) тармақшада:

бір жүз отыз екінші абзац алып тасталсын;

бір жүз сексенінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы бір жүз сексен бірінші және бір жүз сексен екінші абзацтармен толықтырылсын:

«меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу