Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы №734 Қаулысы

«Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы  № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелеріндегi орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу ережесінде:

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану 10 жылдан 49 жылға дейiн.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу