Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «31» тамыздағы № 504 қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 31 Тамыз 2016

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің          2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:

2-тармақта:

«4) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға.

Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС үшін тартылатын сарапшының соңғы бес жылда Хирш индексі бар рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде бес ғылыми мақаласы болуы тиіс. Әскери, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;»;

8), 9), 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) кешенді сараптама – білімнің әртүрлі салаларындағы немесе білімнің бір саласының әртүрлі ғылыми бағыттарындағы мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;

9) комиссиялық сараптама – бір ғылыми бағыт шегіндегі мамандар болып табылатын сарапшылар тобының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолымен өткізілетін сараптама, оның нәтижесі түсініктемелері мен бағалау өлшемшарттары бойынша балдары келісілген сараптамалық қорытынды болып табылады;

10) МҒТС қорытындысы – ұйымдастырушының МҒТС объектісі бойынша бағалаудың әрбір өлшемшарты бойынша балдарды жинақтау негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасаған ресми қорытындысы;»;

мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:

«11)   ғылыми этиканың бұзылу фактілері – плагиат, деректерді бұрмалау, ойдан шығару, жалған тең авторлық, өтінімдерде өзгелердің нәтижелерін иемдену, қаржыландырудың бір көзінің шеңберінде өтінім берушінің ғылыми жобаны және (немесе) бағдарламаны түрлі бағыттарға жолдауы, МҒТС объектісін өтінім берушінің қайталауы, сондай-ақ зерттеу объектілері (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) мен зерттеушілердің құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі өзге де бұзушылықтар;

12) жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі – ЖТН) – бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім беруші ұсынған МҒТС объектісінің жеке тіркеу нөмірі. ЖТН алу үшін конкурс жарияланған кезден бастап тапсырыс беруші өтінім қабылдайтын соңғы мерзімге дейін гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушылар объектілерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тіркейді;

13) шекті балл – ғылымның басым бағытына бөлінген қаржыландыру көлемі аяқталатын МҒТС балы. Шекті балл ең жоғары балдан бастап, өтінімдердің «жоғарыдан төмен» сараланған тізіміндегі қаржыландырудың мәлімделген сомасын қосу арқылы анықталады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар (оның ішінде ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары, нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептер, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептер) МҒТС объектілері болып табылады.»;

8-тармақта:

2) тармақша алып тасталсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жоспарланатын операциялар арқылы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін, еңбек, материалдық ресурстардың болжамды шығындарының қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалау;»;

6), 7) тармақшалар алып тасталсын;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне және өзге де МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізу үшін конкурсқа өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде өтінім береді. Тапсырыс беруші сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мониторингінің индикаторлары мен жетекші сұрақтарын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін ұсынады.

Өтінім беруші ЖТН алған күннен бастап ұйымдастырушы өтінімдерді мынадай талаптардың сақталуы тұрғысынан тексереді:

1)      гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектісінде ЖТН болуы;

2)   өтінімді ресімдеудің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуі (ерекше және қосымша шарттар болғанда);

3)   талап етілген құжаттардың толық көлемде ұсынылуы;       

4) плагиат және МҒТС объектісі тақырыбының немесе мазмұнының МҒТС-қа бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілерінің болмауы. Көрсетілген фактілер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы МҒТС объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс;

5) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушыда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәліктің болуы;

6) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімнің электрондық нұсқасының қағаз нұсқасына сәйкестігі;

7)   МҒТС объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болмауы немесе ғылыми этиканы бұзу фактілерінің анықталмауы;

8) этика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысының (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болуы.

Ұйымдастырушы өтінімдер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік   он бес күн ішінде осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін МҒТС объектілерін МҒТС жүргізбей қайтарады.

Тапсырыс беруші МҒТС объектілерін өтінім берушіге қайтарады және ұйымдастырушы қайтарған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қайтарылған МҒТС объектілерінің тізбесін өз интернет-ресурсында жариялайды.

Осы тармақта көрсетілген талаптарға сәйкес келетін МҒТС объектілері тапсырыс берушіден өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң МҒТС жүргізуге жатады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12.МҒТС ұйымдастыру және жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) сарапшыларды іріктеу және олармен МҒТС жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу – күнтізбелік он бес күннен аспайды;

2) МҒТС жүргізу – сарапшымен шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

Ұйымдастырушы әрбір кезеңнің аяқталғаны туралы ақпаратты ол аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өз интернет-ресурсында жариялайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Сарапшылар құрамын іріктеу қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Ұйымдастырушы МҒТС нәтижелерінің негізінде гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына тапсырылған, әрбір бағалау өлшемшарты бойынша орташа және жоғары шекті баға алған МҒТС объектілерінің қорытынды балл шамасына қарай сараланған тізімін жасап, онда мәлімделген қаржыландыру сомаларын көрсетеді.

Сараланған тізім негізінде ұйымдастырушы шекті балды анықтайды және:

1)   гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балдан жоғары МҒТС объектілерін қамтитын басым тізімді;

2)   гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балға тең МҒТС объектілерін қамтитын шекті тізімді;

3)   гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған, қорытынды балдары шекті балдан төмен МҒТС объектілерін қамтитын резервтік тізімді жасайды.

Басым, шекті және резервтік тізімдерді қалыптастыру уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның конкурстық құжаттамасында көзделген ғылымның әрбір басым бағытына бөлінген гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілері бойынша МҒТС нәтижелерін ұлттық ғылыми кеңес шешім қабылдағанға дейін ұлттық ғылыми кеңестерге берілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушінің электрондық мекенжайына жолдайды.

Гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерін, басым бағыттар бойынша бөлінген МҒТС объектілерінің басым, шекті және резервтік тізімдерін МҒТС нәтижелерімен бірге ұйымдастырушы тиісті ұлттық ғылыми кеңестердің қарауына МҒТС аяқталған кезден бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей жолдайды.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:  

1) конкурс шеңберінде бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілері бойынша МҒТС қорытындысы негізінде ұсынылған қорытынды балдарын көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС-тің барлық объектілері бойынша МҒТС жүргізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде;

2) басым бағыттар бойынша бөлінген МҒТС объектілерінің басым, шекті және резервтік тізімдерін;

3) МҒТС үшін тартылған сарапшылардың тізімін әліпби тәртібімен жыл сайын жылдың соңында жариялайды.»;

мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:

«18. МҒТС объектісі МҒТС-қа ұсынылған кезден бастап ұлттық ғылыми кеңестер қарағанға дейін өтініш берушілер, ғылыми жетекшілер және (немесе) сарапшылар:

1) ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне ден қояды, мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу шараларын қабылдайды;

2) объективті, толық және нақтыланған мәліметтерді ұсынады;

3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің процесі мен нәтижелерін бұрмаламайды;

4) басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға немесе басқа да ғылыми-зерттеу қызметіне зиян келтіруге әкеп соғатын әрекет (әрекетсіздік) жасамайды.

Сарапшы мынадай жағдайларда:

1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болғанда;

2) соңғы үш жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы үш жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болғанда;

3) соңғы үш жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей басшы болып табылғанда, оған бағынышты болғанда немесе консультациялық қызметтер көрсеткенде;

4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының жұбайы/зайыбы немесе жақын туысы болып табылғанда;

5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының/зайыбының жақын туысы болып табылғанда;

6) ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып табылғанда нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді.

Осы Қағиданың 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген ғылыми этиканы бұзу фактілеріне жол берілмейді. Ғылыми этиканы бұзу фактілері болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы МҒТС объектілеріне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс.»;

көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3, 4 және 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                        К.Мәсімов

Қосымша


Жаңалықтар тізбегі
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.