1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы.
2002-2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің басшысы.
2004-2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары, бөлім басшысы.
2005-2008 жылдары — Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры.
2008-2010 жылдары — Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы.
2010-2014 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020 жылғы 4 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ақпарат және қоғамдық даму министрі болып қайта тағайындалды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал