1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.
1993–1996 жж. Жамбыл қаласында салық инспекциясы бөлімінің бастығы, салық инспекторы болып жұмыс істеді.
1996 ж. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі болды.
1997 ж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
1997–2008 жж. — «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК Жамбыл облыстық филиалының директоры.
2008–2009 жж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы болды.
2009–2012 жж. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.
2012–2015 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2015–2017 жж. — Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.
2017 ж. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
2017–2019 жж. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары болып еңбек етті.
2019 жылғы 20 тамыздағы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал