1964 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «композиция» және «фортепиано» мамандықтарын, «композиция» мамандығының аспирантурасын бітірді. Сонымен қатар Халықаралық бизнес академиясының «менеджмент» мамандығының магистратурасын және докторантурасын тәмамдаған. DBA (Doctor of Business Administration) және өнертану докторы ғылыми атағының иегері.
1990-1991 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы. 1991-1994 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында асистентура-стажер.
1995-2011 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, ректор көмекшісі, доцент, профессор м. а., әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру жөніндегі проректоры.
2003-2007 жылдары – Алматы мемлекеттік консерваториясында «Композиция және оркестрлік дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі (қосымша). 2005-2007 жылдары – Халықаралық бизнес академиясының «менеджмент» мамандығының магистранты. 2007-2008 жылдары – Алматы мемлекеттік консерваториясында «Композитор және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (қосымша).
2007-2010 жылдары – Ресей Федерациясы Үкіметіне қарасты Халық шаруашылығы халықаралық бизнес академиясында «Совершенствование организационно-экономического механизма управления проектами в социально-культурной сфере» атты докторлық диссертацияны қорғап DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағын алды.
2013-2014 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ғылыми-шығармашылық істері жөніндегі проректоры. 2014 ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитетінің төрағасының орынбасарының м.а.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнерістері департаментінің директоры. 2016 жылдың 3 қазанынан Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.
2019 жылғы 17 маусымдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен мәдениет және спорт министрі болып қайта тағайындалды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал