Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады.

2014-2016 жж. — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2016-2017 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

2017-2019 жж. — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті.

2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу