Насымжан Оспанова Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды 

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Насымжан Жамбекқызы Оспанова ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Насымжан Оспанова 1969 жылы Алматы облысында туған. 

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі техникалық институтының Алматы филиалын, Алматы Менеджмент университетін бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласының №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып бастады. 

1992-1993 жылдары Алматыдағы №18 Кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы болып жұмыс істеді.

1993-1996 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық училищесі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

1996-2006 жылдары – Алматы қаласы №18 Кәсіптік-техникалық мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.

2002-2006 жылдары Алматы қаласы №18 Кәсіптік мектеп директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары – Алматы технология және менеджмент колледжінің директоры.

2008-2016 жылдары Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры қызметін атқарды.

2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарды.

2017 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу