Мұрат Жөребеков ҚР бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Премьер-Министрінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жөребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО» компаниясында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС-да жұмыс істеді. 

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі. 

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР бірінші энергетика вице-министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу