2023 жылға қарай Қазақстанда жылына қосымша 12 млн тонна мұнай өндіріледі

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Primeminister.kz-ке берген сұхбатында  2023 жылы Қазақстанда үшінші буын зауыты іске қосылатынын, бұл жылына қосымша 12 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Биыл 8 маусымда Премьер-Министр А. Мамин бастаған делегация Атырау облысына барды, онда Қашаған кен орнында қуаты тәулігіне 1 млрд текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытының капсуласын салу рәсімі өтті.

«Егер жалпы мұнай-газ саласын дамыту туралы айтатын болсақ, Қашаған кен орнының жобасы мен болашақта кеңейту жобасы жүргізілуде. Болашақта кеңейту жобасы 82%-ға жүзеге асырылды. Жоба үшінші буын зауытын, шикі газды айдау зауытын және үлкен газ турбиналы электр станциясы, ұңғымалар, топтық қондырғылар сияқты көптеген қосалқы құрылыстарды салуды қамтиды. 2023 жылы үшінші буын зауыты іске қосылады деп жоспарлануда, бұл жылына қосымша 12 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің мұнай саласының даму динамикасын анықтайтын жобалар», — деді М. Досмұхамбетов.

Атырау облысына инвестиция тарту ауқымы республика бойынша инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 30%-ын құрайтынын атап өткен жөн. KPI жобасынан басқа (ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.), сондай-ақ жылына шамамен 1,2 млн тонна полиэтилен өндіру бойынша «KLPE» ЖШС жобасы жоспарлануда.

«Самұрық-Қазына» қоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК және  «Сибур Холдинг» ресейлік компаниясы арасында белсенді келіссөз жүргізілуде. Сондай-ақ «Татнефть» компаниялар тобымен «Бутадиен» бутадиен каучук өндірісі жобасы бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.

Осы бағытта жұмыс істеу үшін облыста «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды, жер телімдері бөлінді, қосымша инфрақұрылым салу жоспарлануда. Барлық осы шаралар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

«Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып, біз 8,6 трлн теңге деңгейінде тікелей инвестиция тартуға үлкен үміт артып отырмыз. Бұл Теңіз кен орнындағы болашақта кеңейту жобасы, Қашағанды толық көлемде игеру жобасы, мұнай-газ химиясы кешені объектілерінің құрылысы сияқты ірі жобаларды іске асыру», — деді Атырау облысының әкімі.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу