Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

А. Мамин азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына тиімді бақылау жүргізуді тапсырды

Сейсенбі, 29 Желтоқсан 2020, 09:38:34

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баяндама жасады.

Еңбек қатынастарын реттеудің қолданыстағы жүйесі жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық деңгейде үшжақты комиссиялар жұмыс істейді, 22 салалық және 200-ден астам өңірлік келісім жасалды.

Биыл Еңбек жанжалдарының алдын алу және оларды шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру еңбек саласындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жол ашты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпорындардағы жанжалдар саны Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы мұнай-газ және мұнай сервисі секторларында 2 есеге қысқарды.

Осы жылдың басынан бері 4,2 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді, 31 мың жұмыскердің құқығы қорғалды. Қол қойылған меморандумдар аясында 2,3 млн-нан астам жұмыс орны сақталды. Пандемиядан туындаған әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, жұмыссыздықты 5% деңгейінде сақтауға мүмкіндік туды. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің еңбек нарығы тиімділігінің рейтингі бойынша Қазақстан 30-орыннан 25-орынға көтерілді.

Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында Өндірістік жарақаттануды және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2023 жылға дейінгі жол картасы іске асырылып жатыр.

Карантин кезінде 475 млрд теңге сомасына 4,6 млн адам бір ең төменгі жалақы мөлшерінде табысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алды.

Әкімдіктер, кәсіподақтар мен өңірлер кәсіпорындары арасында өзара ынтымақтастық туралы 131 мыңнан астам меморандум жасалды. Жұмыс берушілер алған міндеттемелерін орындаса, 2 млн 300 мың қызметкер үшін жұмыс орындары сақталады.

Дағдарысқа қарсы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» іске асырылуда. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасын», «Еңбек» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды қоса алғанда, жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралармен 1 млн 390 мың адам қамтылды, оның ішінде 730 мыңы тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.

«Еңбек қатынастарының барлық тарабының басты міндеті – еңбек заңнамасын сақтау. Бұл мәселелерді ерекше бақылауда ұстаған жөн», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр еңбек министрлігіне әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, ақпараттық жүйелердің деректері негізінде проактивті режимде жалақы бойынша берешекті анықтау алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

Үкімет басшысы еңбек шарттарын электрондық форматқа толық көшіру қажет екенін атап өтті, бұл азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын жедел әрі объективті бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын кезең-кезеңімен қысқарту үшін 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Еңбек министрлігіне әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеуге тапсырма берілді.

Әкімдіктерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қол қойылған меморандумдар аясында жұмыс орындарын сақтау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету, қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қабылдау тапсырылды. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қаңтар 2021, 10:48
Роман Склярдың Мәскеуге жұмыс сапары: Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бірқатар екіжақты мәселелері қаралды
27 Қаңтар 2021, 20:09
Серік Қожаниязов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
27 Қаңтар 2021, 11:05
Қанат Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
26 Қаңтар 2021, 16:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
26 Қаңтар 2021, 13:45
Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектердің бағасы 27%-ға төмендеді — А. Цой
26 Қаңтар 2021, 13:05
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Президент Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
26 Қаңтар 2021, 13:01
Әрбір ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықты орындауға бағытталуы тиіс — Қ. Келімбетов
26 Қаңтар 2021, 12:36
ҚР БҚДА бәсекелестікті дамыту жолындағы 58 жүйелік кедергіні анықтады — С. Жұманғарин
26 Қаңтар 2021, 12:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк 10,9% деңгейінде зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз етті —  Е. Досаев
25 Қаңтар 2021, 23:27
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
25 Қаңтар 2021, 12:54
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.