А. Мамин «Arcelor Mittal» басшысы Л. Митталмен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Arcelor Mittal» атқарушы төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді.

Л. Миттал Үкімет басшысына компанияның Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

А. Мамин тіршілікті қамтамасыз ету бойынша өндіріс пен инфрақұрылымды жаңғырту, заманауи экологиялық таза технологияларды енгізу, әлеуметтік жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі салаларында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі «Arcelor Mittal» іс-шараларын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ – Қарағанды облысындағы ірі металлургиялық кәсіпорын. 30 мыңнан астам қазақстандық компанияның металлургия, көмір және темір кені бөлімшелерінде жұмыс істейді. Кәсіпорын өнімдерінің 80%-ға жуығы әлемнің 75 еліне экспортталады.

Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу