Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президент Қ. К. Тоқаевтың қарауына енгізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті.

Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

ҚР Президентінің бастамасын жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.

Үкімет қаулысымен ҚР Президентінің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу