«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өңдеу өнеркәсібі жобаларын іске асыруға және аграршыларды қолдауға қаражат бөледі 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. 

Директорлар кеңесі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін Холдингтің еншілес компанияларына қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. 

Бұдан басқа, отандық аграрийлерді қолдау мақсатында Холдинг «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға қаржы бөледі. 

Сонымен қатар Холдинг тобының ішкі аудит қызметтерінің жұмысын сыртқы бағалау нәтижелері туралы есебі қаралды, бұл олардың халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін көрсетті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу