Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елімізде 94 мыңнан аса баспана пайдалануға берілді — Б. Атамқұлов

Сейсенбі, 10 Қараша 2020, 12:19:14

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ағымдағы жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібі, көлік және құрылыс салаларын дамыту туралы мәселе қаралды.

Отырыста баяндама жасаған ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі таңда экономиканың өсуі баяуласа да, өңдеу өнеркәсібі өсімнің негізгі драйвері болып отырғанын атап өтті.   

2020 жылдың 10 айының қорытындысында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 3,2%-ға өсті. 

Министрдің айтуынша, өңдеуші саланың барлық секторында оң динамика байқалады.

Машина жасау саласында биыл 10 айда тұрақты өсім сақталды.  

Есепті кезеңде саланың нақты көлем индексі 116,5% құрады.

Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 53,6%, өзге көлік құралдарын жасау 87,1%, электр жабдықтарын жасау 3%, машиналар мен жабдықтар өндірісі 4,3% өсті. 

Түсті металлургияда өндіріс көлемі 1,9%-ға артты. 

Оған тазартылған алтын 6,4%, раффинирленген мыс 8%, құйма алтын өндіру 35%, түйіршіктердегі күміс 25%, бастапқы алюминий 1% және басқа да көрсеткіштердің өсуі арқылы қол жеткізілді.   

Қара металлургияда өсім 0,3% болды. 

Арматура илемі 11%, ферро-силико-марганец 13%, арматуралар, шарлар және домалақ шыбықтардың тауар өндірісі 3% өсті.

Б. Атамқұлов атап өткендей, жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа өндірістерді жолға қою арқылы өндіріс қуатын арттыру фармацевтика өнеркәсібінде 39,7% өсуге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 16,4% өсті, ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 4,4%, киімнің 1,4% және былғары өнімдердің 160,3% ұлғаюы есебінен мүмкін болды.  

Қағаз және қағаз өнімдерінде өндіріс көлемінің өсімі 15% құрады.

Ағаш және тығын бұйымдарының өндіріс көлемі 52,6% қамтамасыз етілді. 

Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 82,7% құрады.

«Пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, оның жекелеген бағыттарында өсім байқалды», — деді Б. Атамқұлов.

Контейнерлердің транзиттік тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4%-ға артып, 718 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,2 млрд тоннаны құрады.

2020 жылдың қазан айында тасымалданған жолаушылар саны қыркүйек айымен салыстырғанда 15,5%-ға өсті.

Әуе тасымалы арқылы жолаушылар тасымалдау 1,6%-ға артып, 621 мың адамды құрады.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік тасымалдар 10%-ға немесе 5,1 жиырма фунттық баламаға артып, 55,9 жиырма фунттық баламаға жетті. 

Жүк тасымалы саласында да өсім бар. Атап айтқанда, қазан айында жүк тасымалының жалпы көлемі 2020 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 3,4%-ға өсті.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7% құрады. 

15 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында биылғы 10 айдың қорытындысында 10 млн 744 мың шаршы метр баспана салынды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 109,7% құрайды. 

Бүгінге таңға республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің 15 өңірде артқаны байқалады.  

«Министрлік 2020 жылға қойылған міндеттерді орындау үшін рецессиясының таралуын тежеу және барынша зардап шеккен салалардағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті барлық шараны қабылдап жатыр. Жыл қорытындысында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткіземіз», — деп түйіндеді Б. Атамқұлов.

 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Желтоқсан 2020, 10:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №802 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №800 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №789 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 21:33
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
02 Желтоқсан 2020, 19:04
Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты
02 Желтоқсан 2020, 16:53
ҚР БҒМ: Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 139 887 адам тұрады
02 Желтоқсан 2020, 14:24
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.11.2020
02 Желтоқсан 2020, 13:42
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау рәсімдері жеңілдетілді — Б. Атамқұлов
02 Желтоқсан 2020, 13:02
Қазақстанда жыл соңына дейін 26 млн га астам алқапқа топырақтық және геоботаникалық карта әзірленеді — ҚР АШМ
02 Желтоқсан 2020, 12:38
Қазақстанда мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда — Б. Нұрымбетов
02 Желтоқсан 2020, 12:08
Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда — А. Цой
02 Желтоқсан 2020, 11:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №796 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №794 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №790 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:29
А. Мамин: біздің міндетіміз — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру
02 Желтоқсан 2020, 09:59
Толық цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырады — А. Мамин
01 Желтоқсан 2020, 12:58
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады  
30 Қараша 2020, 18:49
«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын ұлғайту» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруға қатысты депутаттық сауал
30 Қараша 2020, 18:10
Заңнамалық актілерге ревизия жүргізу және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету — М. Бекетаев Президент Жолдауының іске асырылуы туралы айтып берді
30 Қараша 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды
30 Қараша 2020, 16:05
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.