Үкімет әзірленіп жатқан заң жобаларын жетілдіру бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізеді — сарапшы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында азаматтардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы ретінде сот және құқық қорғау жүйелерінің терең реформасын атады және сот шешімдерінің сапасын жақсарту бойынша бірқатар салмақты шараларды жүзеге асыруда тапсырды.

Қазір Қазақстанда тиімді құқықтық ортаны қалыптастыру процесі жалғастырылып жатыр, заңдар ғана емес, оларды әзірлеу және қабылдау рәсімдері де жетілдіруді талап етеді. Бұл процесте тұрғындардың заң жобаларын қоғамдық талқылауларға белсене қатысуына ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Ұлыбритания тәжірибесі бойынша заң нормаларын шығару процесіне «жасыл» және «ақ» кітаптардың жаңа кезеңдерін енгізу ұсынылады.

Заң жобалары мен қолданыстағы заңдарды бағалау рәсімдерін жақсарту, заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу тәртібін қайта қарау, азаматтар мен бизнеске қосымша міндеттемелер қоятын нормаларға қатысты заңнамалық деңгейде «өтпелі кезең» тәжірибесін қолдану және тағы басқалары ұсынылады.

Аталған бағыттарда бүгінгі күні не істеліп жатқаны туралы РrimeМinister.kz-ке берген сұхбатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заң нормаларын шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша сарапшы Ерлан Бұзырбаев айтып берді.

— Ерлан Маркленұлы, қабылданып жатқан заңдардың сапасы мәселесі әрдайым өзекті. Заң нормаларын шығару қызметі жылдан-жылға жетілдірілуде. Заңдарды жетілдіру мен сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берсеңіз? 

— Үкімет заңдарды жетілдіру мен олардың сапасын арттыру бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп жатыр. Мен Дүниежүзілікпен банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан сот төрелігі секторын институционалдық нығайту бағдарламасы бойынша тартылған сарапшымын. Бұл реформаның мақсаты – нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде, заң нормаларын шығару сапасын арттыру, әлемдік озық тәжірибені енгізу бойынша азаматтардың көп бөлігін Үкіметпен диалог процесіне тарту. Осы мақсаттарда белгілі бір сараптау жұмыстары жүргізілді, әлемдік тәжірибе зерттелді.

9-ға жуық дамыған елдерге олардың заң шығару тәжірибесінің құрылымына байланысты талдау жүргізілді. Қазақстанмен салыстырылды: бізде мұндай тәсілдердің қаншалықты іске асырылып жатқаны зерделенді. Талдау көрсеткендей, негізінде Қазақстанда халықаралық тәжірибе жеткілікті көлемде қолданылады, енгізіліп жатқан реттеуді болжау әдістері де пайдаланылады, түрлі нысаналы топтармен консультация тетіктері мен рәсімдері бар. Бізде көбіне-көп қазір нысаналы топ ретінде осындай консультациялар үшін бизнес-қауымдастықтар, «Атамекен» ҰКП ұсынылған. Бізде азаматтармен талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталы форматындағы диалог алаңдары да бар. 

Өкінішке орай, заңнама сапасы жетілдіруді талап етеді. Біз әлі де болса заңнаманың жиі өзгеретінін көріп отырмыз, көбіне сол бір ғана нормаларға бір жыл ішінде бірнеше рет өзгерістер енгізіледі, бұл түптің-түбінде реттелетін субъектілерге әсерін тигізеді. Мұндай сипаттағы өзгерістерді заңнамалық реттеудің тұрақсыздығы ретінде санауға болады. Осыған байланысты қазір жүргізіліп жатқан реформа заңнамалық рәсімдеудің ғана емес, жалпы ұйымдастырушылық сипаттағы тұтас шаралар кешенін қарастырады.

Бүгінгі күні не істелуі тиіс?

Біріншіден, көпшілікпен талқылаудың кеңірек тәжірибиесін енгізу көзделген. Яғни, нақты реттеу қолданылатын азаматтар және нысаналы топтар тартылатын болады. Осы реттеуді талқылау кезінде, яғни, заңнамалық акт жобасы жасалған кезде емес, заңнамалық акт енді ойластырылып жатқанда, проблемалар азаматтармен талқылануы тиіс. Ол үшін Ұлыбритания тәжірибесі бойынша «жасыл кітаптарды» енгізу ұсынылады, онда аса дәл, сапалы реттеуді жасау үшін жұртшылықпен жария талқылау мақсатында мәселені қоюды қарастырады. 

«Жасыл кітап» құралы бұқаралық іс-шаралардың тұтас кешенін қарастырады. Олар — дебаттар, жария тыңдаулар, жазбаша түрде кері байланыс алу. Яғни, бұл — белгілі бір құжатта рәсімделген, көпшілікке қолжетімді жарияланған, тартылған нысаналы топтармен талқыланатын құқықтық реттеу проблематикасы. Осы реттеу таралуы тиіс субъектілерге тікелей қатысты болады.

Тағы бір тұсы жария талқылаудың рәсімдері мен тетіктерінің өзінің қайта қаралуымен байланысты, яғни, рәсімдер жеңілдетіледі, азаматтардың қолжетімділігі жақсарады, диалог алаңдары бірыңғай рет бойынша құрылады, яғни, атап айтқанда, нысаналы топтарды алдағы талқылаулар туралы хабардандыру тәсілдерін регламенттеу қарастырылады. Формасының өзін заңдық мәтіндерді талқылаудан баяндалған проблематиканы ұғынықты тілмен талқылауға өзгерту қарастырылады. БАҚ-тың қатысуымен жария ашық талқылау тәсілдерін енгізу және реттеу қарастырылған.

Бұдан өзге, заң шығару нормалары процесін автоматтандыру, кері байланыс алуды автоматтандыру, іздеуді автоматтандыру, құқықтық реттеу проблематикасының маңыздылығын айқындау көзделген. Яғни, Әділет министрлігі қазір осы функционалды қарастыратын Е-заңнама ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр.

(2019 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша ақпараттық жүйе бүгінде әзірленген. Қазіргі таңда аталған жобаны пилоттау жұмыстары жүргізіліп жатыр, яғни, мемлекеттік органдар онымен жұмыс істеуді бастап жатыр. 

 

— Өз сөзінде Мемлекет басшысы сыбайлас-жемқорлықты жою мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуына ықпал ететін алғашқы жол нормативтік құқықтық актілер деуге болады. Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық мақсаттарына пайдаланудың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? 

— Ия, әрине, сыбайлас жемқорлық заңнаманың қатысуымен де қалыптасады. Мен мұнымен келісемін. Шынында да, заңнаманың тұжырымдамасы түсініксіз болған кезде және оны түсіндіруде түсініксіздік туындаған кезде, бұл да сыбайлас жемқорлыққа себеп болады. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама деп аталатын институт болған. Өкінішке орай, бұл институт белгілі бір дәрежеде беделін түсіріп алды. 

Атап айтқанда, сараптаманың формализміне баса назар аударылды. Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлық қауіптерін бағалау мүлде жүргізілген жоқ, нормативтік құқықтық актілерде дискрециялық өкілеттіктер табылмады. Бұның салдары ретінде аталған сараптама күткен нәтижесін бермеді және таратылды. Бүгінгі таңда бұл сұрақ қайта қарастырылуда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қайтару ұсынылады, бірақ онымен Әділет министрлігі емес, мамандандырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік айналысуы тиіс.

Біз осы сараптаманы өткізу рәсімдері қайта қаралып, оның тиімділігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін нақты бағалауға дейін артады деп үміттенеміз. Негізінде мұны жасауға болады. Егер дамыған елдер туралы айтатын болсақ, оларда ақылды реттеу қағидаттары әрекет етеді, олар «ақылды» реттеу принциптерін қолданады. Біздің ерекшеліктерімізді ескере отырып, бұл тәсілдерді ішінара Қазақстанда қолдануға болады. Сондықтан, жаңадан құрылған Агенттік қолдан келіп жатса формализмнен сапалы сараптамаға ауысып, бұл жұмысты жақсы ұйымдастырып, тиісті орнына қоя алады деп ойлаймын.

 

— Әділет министрлігі заңнамалық жұмыстарды жақсарту үшін тағы қандай шараларды қарастырып жатыр?

— Біз институционалды ортаны құрып жатырмыз, барлық норма құру рәсімдерін бірыңғай, логикалық байланысқан дәйекті процестерге біріктіреміз. Бүгінгі таңда бұл процестердің шашыраңқы болу белгілері бар. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының белгілі бір ведомстволық бәсекелестігі бар. Біз бұл мәселелерді бірыңғай логикаға сәйкес біртұтас процеске біріктіру арқылы реттеуге тырыстық. Мемлекеттік органдар да, кез-келген қызығушылық танытқан субъект аталған рәсіммен кез-клген сатыда таныса алатын және оның қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіне алатын, барлық рәсімді реттейтін бірыңғай құқықтық акт әзірленді. Бұл ақпаратты әртүрлі заңнамалар мен заңға қосымша дейгейдегі нормативті-құқықтық актілерден іздеу қажет емес.

Үкімет жанындағы Заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның рөлі де қарастырылып, күшейтілуде, оның жұмыс органы — Әділет министрлігі. Заң нормаларын шығару рәсімдерін заң шығару жұмысын жоспарлау сатысынан бастап, заң қабылданғаннан кейін тиімділігін бағалау кезеңін қоса алғанда, оның барлық сатыларын автоматтандыру мәселелері пысықталып жатыр. Заңнамалық реттеудің барлық циклін біз реформалармен қамтуға тырыстық. 

Көрсетілгеннен өзге, заң жобаларын әзірлеу және жоспарлау тәжірибесіне енгізілетін реттеу салдарын сапалырақ болжау енгізіледі. 

Біз мұндай тәсіл заң жобаларын әзірлеудің сараптамалық құрауышының сапасын жақсартады деп шамалаймыз, бұл келешекте заңнамалық реттеу сапасына әсерін тигізеді. Екінші жағынан, мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығы артады, нысаналы топтардың кең спектріне қолжетімділік қамтамасыз етіледі, осы қолжетімділік рәсімдері жеңілдетіледі, бұл сапалы кері байланысты алған соң мемлекеттің түптің-түбінде сапалырақ реттеуді қабылдауына мүмкіндік беруі тиіс. 

 

— Толығырақ түсіндіріп бергеніңізге рахмет! Сау болыңыз. 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу