Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Сұхбат: тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту туралы заң қалай жұмыс істейді?

Бейсенбі, 11 Маусым 2020, 16:54:12

Сейсенбі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламасы операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес Қазақстанда тұрғын үй саясатын жүзеге асыратын бірыңғай оператор жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс саласын және ТКШ дамыту департаментінің директоры Руслан Лепесов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында бірыңғай оператордың қалай жұмыс істейтіні туралы айтты. 

Қабылданған заңның негізгі мақсаты Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тұрғын үй бағдарламасы операторларының санын қысқартуға қатысты тапсырмаларын іске асыру болып табылады.

Заң әрекет етіп тұрған «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы «Ипотекалық ұйымы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ тұрғын үй бағдарламалары операторларын және құрылыс салушыларды субсидиялау құралын «Даму» АҚ арқылы Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына біріктіруге, сондай-ақ қайталанатын функцияларды алып тастауға және жұмыс істеп тұрған операторлардың жалпы әкімшілік шығыстарын қысқартуға бағытталған.

 

— Руслан Талғатұлы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламасы операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды енгізгенге дейін осы бағытта қандай жұмыстар атқарды?

— ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламасы операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына бастама жасады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жүйелі проблеманы шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Ипотекалық ұйымы» АҚ және «Бәйтерек девелопмент» АҚ тарта отырып, «сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» қызметінің тұжырымдамалық жаңа бағытын әзірледі. Осыған байланысты «ҚИК «ИҰ» АҚ және «БД» АҚ тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған тұлғаларға сатып алу құқығымен жалға беру мақсатында дайын жаңа тұрғын үй құрылысын және дайын үйлерді сатып алуды қамтамасыз етті. «ҚИК «ИҰ» АҚ және «БД» АҚ жалға беру қоржынының жалпы көлемі 2020 жылдың басындағы жағдай бойынша 169,9 млрд теңгені құрады. 1 807,7 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 30 324 пәтер тапсырылды. Осылайша бұрын «ҚИК «ИҰ» АҚ және «БД» АҚ халықты сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша функцияларды қайталаған. Бірыңғай оператор құрылғаннан кейін құрылысты ұйымдастыру, тұрғын үй сатып алу, оның ішінде жеке құрылыс салушыларды қаржыландыру, жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу жөніндегі барлық функцияны бір оператор жүзеге асырады.

 

— Бұған дейін Бірыңғай операторға Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, үлестік құрылысқа кепілдік беру, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру саласындағы өкілеттіктері берілетіні айтылды. Бұдан өзге тағы қандай функциялар беріледі?

— Қабылданған заңға сәйкес, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы деп жарғылық капиталына мемлекеттің тікелей немесе жанама қатысуы бар ипотекалық ұйым танылады. Оның мақсаты ипотекалық кредит механизмдері және жалға берілетін тұрғын үй беру, үлестік тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының халқын тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу болып табылады. Осылайша Бірыңғай оператор ипотекалық ұйым бола отырып, мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттігі мен ҚР Ұлттық Банкі бақылауында болады: ипотекалық қарыздар беру; сенім білдірушінің мүддесі мен тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқару; төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын сатып алу; лизингтік қызмет; инвестициялық қызмет; бағалы қағаздарды, оның ішінде облигацияларды шығару және орналастыру; «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған уәкілетті ұйымға және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде құрылысты жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қарыздар беру және басқалар. Сонымен қатар Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарында көзделген қызметті жүзеге асыратынын ескере отырып, оның қызметін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган бақылайды. Атап айтқанда мынадай қызмет түрлері: көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдіктер беру; ипотекалық қарыздарға (ипотекалық тұрғын үй қарыздарына), жалдау төлемдеріне, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы бойынша жарналарға кепілдік беру; көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті сатып алуға қарыздарға (кредиттерге) кепілдік беру; инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру; жылжымайтын мүлік объектілерін, оның ішінде кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдау (жалға алу); Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен бірыңғай операторға жүктелген қызмет түрлері.

 

— Парламентте Заң жобасын таныстыру кезінде біріктіру нәтижесінде операторлардың әкімшілік шығындары 42%-ға қысқаратыны атап өтілді.

— Тұрғын үй бағдарламасының үш операторын біріктіру нәтижесінде жалпы әкімшілік шығындар 8,73 млрд теңгеден 5,09 млрд теңгеге дейін (42%), сондай-ақ қызметкерлер саны 311-ден 233 адамға дейін (25%) қысқартылады. Елдің әрбір өңірінде Бірыңғай оператордың өкілдері болады.

 

— Бірыңғай оператордың функциялары «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ функцияларын қайталамай ма?

 — Бірыңғай оператор мына құралдар арқылы қолжетімді баспананы салу бойынша тек жеке құрылыс салушылармен және әкімдіктермен жұмыс істейтін болады:

  1. құрылысты аяқтауға кепілдік беру арқылы халықтың үлестік салымдарының сақталуын қамтамасыз ету;

  2. әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;

  3. жеке құрылыс салушылардың коммерциялық несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

  4. әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға несие беру;

  5. инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз кезегінде тек қана жеке тұлғалармен жұмыс істейді. Бұл халыққа жеңілдікті тұрғын үй заемдарын беру арқылы тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін дамытатын еліміздегі жалғыз банк. Бұған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін ТҮҚЖБ базасында толыққанды даму және қолдау институты – Отбасы банкі құрылады, ол тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтан жүзеге асырады. Алға қойылған міндетті іске асыру үшін әкімдіктерден кезек жүйесін баспанасы жоқ отбасыларға «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Отбасы банкіне беру жоспарланып отыр. ТҮҚЖБ жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасын толық беру жоспарлануда. «Баспанамен қамту орталығы» ашылады және тұрғын үйге қолжетімділік сатысы белсенді түрде енгізіледі. 

Осылайша, жұмыс істеп тұрған бес оператордың саны екіге дейін қысқарады — Холдингтің тұрғын үй блогы Бірыңғай оператор функциялары арқылы тұрғын үй құрылысын ынталандырады және ТҮҚЖБ қарыздары арқылы жұмыс істейтін азаматтар тарапынан сұранысты қамтамасыз етеді.

 

— Бірыңғай оператор үлестік тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй кооперативтерін жүзеге асыратын компаниялардың жұмысына жетекшілік ете ала ма?

— Қабылданған заңға сәйкес Бірыңғай оператордың негізгі міндеті — тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету болады. Осыған байланысты Бірыңғай оператор көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдік беретін болады. Бірыңғай оператормен кепілдік беру туралы жасалған шарт — уәкілетті компанияның үлескерлермен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар жасасуына және үлескерлердің ақшасын тартуға негіз. Кепілдік беру туралы шарт бойынша құрылыс салушының және уәкілетті компанияның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін Бірыңғай операторға аяқталмаған құрылыс объектісімен бірге жер телімі, сондай-ақ уәкілетті компанияның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлесімен) және кепілдік жағдайы басталған жағдайда күшіне енетін дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерімен) сенімгерлік басқару шарты кепілге беріледі.

Бірыңғай оператордың кепілдік жағдайының ықтимал туындауы туралы шешімі келесі нәтижелер бойынша қабылданады:

  1. көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының мониторингі;

  2. инжинирингтік компанияның ай сайынғы және өзге де есептері;

  3. уәкілетті компаниядан, уәкілетті органнан алынған ақпарат;

  4. үлескердің (үлескерлердің) жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Бірыңғай оператор:

  1. уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы ақпаратты ақпарат келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тексеруді жүзеге асырады;

  2. құрылыс салушыға, уәкілетті компанияға көрсетілген ақпаратты түсіндіру туралы сұрау жібереді.

Осылайша, бірыңғай оператор өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде құрылысты үлескерлердің қаражаты есебінен жүзеге асыратын құрылыс салушылардың жұмысын бақылайтын болады.

— Сұхбат бергеніңізге рахмет!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.