К. Мәсімов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты. 

«Жазғы демалыс алдындағы Парламент отырысы», – деп жазды К. Мәсімов өзінің твиттердегі аккаунтында.

Естеріңізге салсақ, бүгін Парламент палаталарының жазғы демалыс алдындағы бірлескен отырысы өтіп жатыр.

VI шақырылымындағы Парламенттің бірінші сессиясы 100 күнге созылды, бұл шамамен парламенттік сессияның әдеттегі мерзімінің үштен бір бөлігін құрайды. Осы уақыт аралығында Парламент қарауында 42 заң жобасы болды, оның ішінде 18-і - өткен шақырылымнан ауысқаны, 24-і – ағымдағы сессия кезінде келіп түскені. Жеті заң жобасына депутаттардың өздері бастамашы болған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу