ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қырғыз тарапының бастамасымен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі, Президенті міндетін атқарушы  Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. 

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

ЕАЭО және ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу