02 Шілде 2021, 14:17
Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Дмитрий Леонидович Михно Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу