Үкіметте экономиканы несиелендіруді кеңейту жөніндегі шаралар қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді, онда экономиканы несиелендіру мәселелері қаралды.

Талқылауға ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов және т. б. қатысты.

Кеңес барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға қолжетімділігін кеңейту бойынша ұсыныстар қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Үкіметтің экономикалық блогына басым секторлар мен перспективті жобалар тізбесін пысықтауды, сондай-ақ ел экономикасына әсерін ескере отырып, ұсынылатын шараларды қосымша талдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу