Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты

Сәрсенбі, 25 Қараша 2020, 16:43:42

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ құрылтайына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Съезд делегаттары алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Nur Otan партиясы бүгінде ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанын айтты. Бұл ретте, Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету – негізгі міндеттің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Nur Otan партиясының қоғамдағы жетекшілік рөліне жоғары баға бергеніне тоқталды.

Қазақстан Президентінің айтуынша, әлем ғаламдық өзгерістер дәуіріне аяқ басып, халықаралық қатынастар жүйесі белгісіздік жағдайына, тіпті, бейберекетсіздікке бет бұруда. Мемлекет басшысы өткен ғасырдағы терең рецессия әлемдік экономиканы он жылға артқа лақтырып тастағанын, ал бұрынғы өсу қарқыны мен тұрақты дамуды қалпына келтіру үшін үлкен күш пен уақыт қажет екенін жеткізді.

«Қазақстанның тұрақты даму тұрғысынан мүмкіндігі мол. Себебі бізде, ең алдымен, нақты даму жоспары бар. Оны жүзеге асыруға қаржылық ресурсымыз да жеткілікті. Жауапкершілікті сезіне алатын миллиондаған азаматтардың қолдауының арқасында біз ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, бизнес қоғамдастықты қолдап, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындай алуын қамтамасыз ете алдық. Біздің бұған қол жеткізуімізде халқымыздың дәстүрлі құндылықтары, өзара жәрдемдесу, табандылық пен жанашырлық секілді қасиеттері ерекше рөл атқарды», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясымен күреске халықтың үлкен үлес қосқанын атап өтіп, сондай қиын-қыстау шақта ел азаматтары шынайы ынтымақтастық пен жаппай жанқиярлық танытқанын айтты. Оның сөзінше, «Біз біргеміз» ұраны қазақстандық патриотизмнің формуласына айналды.

Қазақстан Президенті дағдарыс кезінде басқарушы партияның да, Үкіметтің де, сондай-ақ, бүкіл қоғамның да алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылатынын айтты.

«Осы тарихи мүмкіндікті пайдалану үшін біз елімізге дамудың жаңа парадигмасын ұсынуымыз қажет. Бұл жерде  Президент, Үкімет және заң шығарушы сала сияқты билік тармақтары күш жұмылдыруы керек. Сондықтан алдағы сайлау бүкіл қоғам үшін өте маңызды болмақ», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы қалыптастырған Бес институционалды реформа мен Ұлт жоспарын жүйелі жаңғыртуға тың серпін беруге шақырды.

«Осы мақсатта біз 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын қабылдаймыз. Бұл егжей-тегжейлі зерделенген, шынайы құжат. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, Nur Otan Үкіметпен бірге алдағы бес жылдықта аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 21 триллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бағдарлама еліміздің әлеуметтік дамуын ілгерілетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шаралардың тиімді кешенін қамтиды. Партия жұртшылық тарапынан келіп түскен барлық ұсыныстар мен талап-тілектерді ескерді. Біздің бағдарламаны бүкіл еліміз дайындады десек, артық айтқандық емес», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін негізгі төрт басымдыққа назар аударылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы бірінші міндет ретінде әр азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндік берілетінін жеткізді.

Президент алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаржы бөлінетінін мәлімдеді. Зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте оның өсім мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға көп болуы тиіс.

Мемлекет басшысы денсаулығы мықты интеллектуалды ұлт қалыптастыруды партия бағдарламасындағы екінші басымдық ретінде атады. Жаһандық жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, бұл бағытты ілгерілету үшін білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына бөлінетін қаражат көбейеді.

«Бұл – адами капиталға, еліміздің болашағына құйылған стратегиялық инвестиция. Денсаулық сақтау ісіне бөлінетін қаржы көлемі ішкі жалпы өнімнің 5 пайызынан  кем болмайды. Жаңа ықтимал эпидемияларға дайын болу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баяндамада үшінші басым бағыт ретінде экономиканың және аймақтардың тұрақты дамуы айқындалғаны айтылды. Президент жаһан экономикасы ұзақ тоқырауға ұшырағанын атап өтті. Дегенмен ол мұндай дағдарыс экономиканы жаңа үлгіде қалыптастыру үшін жүйелі реформалар жасауға мүмкіндік береді деп санайды.

«Әлемнің барлық экономика ғалымдары мен парасатты саясаткерлер адамзат тарихындағы теңдессіз жаһандық дағдарыс жағдайында экономикалық процесстерді басқаруда мемлекеттің рөлі барынша артып отыр деген тұжырымға келді», –  деді Мемлекет басшысы.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң әрі теңдестірілген макроэкономикалық саясат, жеке меншік секторды қолдау, халық алдындағы әлеуметтік міндеттерді орындау есебінен экономиканың өсімін қамтамасыз етудің маңызына тоқталды.  Бұл ретте шығындарды бақылауды қатаң назарда ұстау керек.

Nur Otan бағдарламасындағы төртінші басымдық – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» және жауапты азаматтар.

Президенттің пікірінше, тұрақты даму үшін сенім мен жауапкершілікке негізделген мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы қажет.

Бұл ретте Мемлекет басшысы біздің ортақ жұмысымыздың басты бағдары халық мүддесі мен проблемалары екенін нақтылады. Президенттің айтуынша, мемлекет халық үні мен пікіріне құлақ асуы тиіс.

«Партия жұмысының оң коэффициенті азаматтарымыздың өмірін жақсартатын нақты шешімдерге байланысты болмақ. Бос сөз бен құрғақ уәде емес, нақты әрекет қана халық сеніміне және саяси көшбасшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан партия мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуды мықтап қолға алады.  Бұл стратегиялық сипаттағы міндет», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде партияның жаңа бағдарламасы дамыған азаматтық қоғам мен экономикалық тұрғыдан  толыққанды мемлекет құруға бағытталғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жетекші партияның мәртебесі билікке қол жеткізуде емес, мемлекет пен халыққа нақты пайда тигізу мүмкіндігінде екенін атап өтті.

«Мемлекеттік басқару жүйесіндегі лауазымды қызмет атақаратын партия мүшелері еңбекқорлықтың, саяси жауапкершілік пен азаматтық патриотизмнің айқын үлгісі болуға міндетті. Партиямыздың мүшелері болашақта да осы үдеден табыларына күмән келтірмеймін», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауымен басталып жатқанына, оның символдық мәні зор екеніне назар аударды.

«Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығын және береке-бірлігімізді бекемдей түседі деп сенемін. Бұл науқанның ашық, әділ әрі заңды өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, мұны жіті қадағалаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.    

Қазақстан Президентінің Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ құрылтайында сөйлеген сөзінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.


Жаңалықтар тізбегі
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.