Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президентке сот жүйесін реформалау барысы туралы ақпарат берілді.

Жақып Асанов Президентке «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға биыл енгізілген өзгертулердің құқықтық және әлеуметтік әсері жайында баяндады.

Жоғарғы сот төрағасы жаңа Азаматтық процессуалдық және Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстердің еліміздегі инвестициялық ахуал мен бизнестің дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, енгізілген түзетулер тұрақты әрі бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев дербес сот төрелігінің тиімді тетіктерін енгізуді, оның ішінде, шетелдік озық тәжірибелерді пайдалана отырып қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу