Үкіметте жаңа Салық кодексін қолдану тетіктері талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа Салық кодексін әзірлеуге қатысты тапсырмаларды іске асыру бойынша кеңес өткізді.

Бизнес субъектілерінде салықтарды әкімшілендіруге қатысты сұрақтар жиі туындайды. Осыған байланысты Үкімет салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға ерекше назар аударуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Премьер-Министрдің өкімімен құрылған жұмыс тобы шеңберінде 2030 жылға дейінгі салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Онда қарастырылған тәсілдер жаңа Салық кодексінің негізі болады. Тұжырымдама жобасына ұсыныстарды ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері енген жұмыс тобы әзірлейді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу