Ел аумағында ТЖ режимінің аяқталуы туралы брифинг өтеді

Дүйсенбі күні, 11 мамырда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ел аумағында ТЖ режимінің аяқталуы туралы брифинг өтеді.

Шара спикері — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу