Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Академиялық еркіндік, оңтайландыру және саралау — қазақстандық ЖОО-лар қалай дамуда

Сейсенбі, 10 Қараша 2020, 18:51:16

Бүгін ОКҚ алаңында ҚР білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жоғары білім беру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

 

ЖОО-лардың академиялық дербестігін кеңейту

Мирас Дәуленов атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде 128 ЖОО бар. Олардың ішінде 56 мемлекеттік, 72 жекеменшік ЖОО. 

«100 нақты қадам» ұлт жоспарының 78-қадамын орындау мақсатында 2018 жылғы 4 шілдеде заң қабылданды, оның шеңберінде жоғары оқу орындарына мына бағыттарда дербестік берілді:

  1. МЖМБС-дан төмен емес білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтау;

  2. оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;

  3. оқу жүктемесінің дербес әзірленген нормалары, еңбекке ақы төлеу формалары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;

  4. білім алушыларды қабылдау, ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

  5. кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Бұдан өзге жоғары оқу орындарына шет елдерде филиалдар құру, эндаумент-қорлар құру, стартап-компаниялар ашу, сондай-ақ жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы және материалдық қаражат көздерін тарту құқығы берілді.

Соның нәтижесінде, ЖОО-лардың академиялық дербестігі 85%-ға жетті, ал білім беру бағдарламаларының тізіліміне ЖОО-лар дербес әзірлеген 9 999 білім беру бағдарламасы енгізілді.

Экономика мен адами капиталды дамытудың серпінді өзгермелі жағдайлары жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін одан әрі кеңейтуді талап етеді. 

Осыған байланысты, ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов осы жылдың тамыз айында Жоғары білім беруді дамытудың дағдарысқа қарсы жоспарын жариялады. 

Жоспарда ЖОО-лардың академиялық дербестігін одан әрі кеңейтудің 3 негізгі қадамы қарастырылған: 

  1. Академиялық еркіндікті кеңейту бойынша 5 нақты шара;

  2. Пандемия жағдайындағы 6 шұғыл шешім;

  3. ЖОО-ларды 4 санат бойынша саралау.

1 қадам мыналарды қарастырады:

  1. Пәндердің бір бөлігін қашықтан оқыту форматына көшіре отырып, аралас оқыту формасын енгізу;

  2. Осы пәндердің мазмұнын анықтамай, ЖБП пәндері бойынша оқыту нәтижелерін ғана регламенттеу (тақырыптарды қалыптастыру ЖОО-лардың құзыретінде);

  3. ОЖСБ-ны алып тастау, себебі ОЖСБ білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау бойынша өз функцияларын орындамайды;

  4. Докторлық зерттеу жүргізу кезеңдерінен регламенттерді алып тастау және ЖОО-ларға докторлық бағдарламалар бойынша академиялық саясатты айқындауда дербестік беру;

  5. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Телекоммуникация», «Қаржы және бухгалтерлік есеп», «Журналистика және ақпарат», «Қызмет көрсету саласы (мейрамхана ісі, туризм)», «Көлік қызметтері», «Стандарттау, сертификаттау және метрология» сияқты бағыттар бойынша және басқа да ғылымды қажет етпейтін бағыттар бойынша дәрежелілік, штат және «базалық білім беру» талаптарын жою.

Аталған шараларды іске асыру «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізуді талап етеді. Министрлік тиісті түзетулерді ұсынды. 

2 қадамды іске асыру аясында:

  1. Оқу құны мен грант құнының арақатынасы туралы талап алынып тасталды;

  2. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы талап нақтыланды;

  3. Жоғары оқу орындарының есептілігі қысқартылды, атап айтқанда студенттердің, магистранттардың және докторанттардың сынақ кітапшалары алынып тасталды, комиссиялардың хаттамалары, оқытушылардың әр айға/жылға оқу уақытын есепке алу тізімдемелері, кафедраның жұмыс жоспары, МАК отырыстарының хаттамалары және т. б. алынып тасталды, бұлар оқытушылардың жұмысын қағаз жүктемемен қиындатады. Мұның бәрі электронды түрде жүргізілуі мүмкін, ал университет формаларды өз бетінше дербес әзірлейді.

Жоғары білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасының бір бөлігі ретінде ЖОО-ларды 4 санат бойынша (халықаралық, ұлттық, өңірлік, салалық деңгейлерде) саралау 8 қазанда ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кеңестің отырысында ұсынылды. Жоғары оқу орындарын саралау үшін қажетті негізгі өлшемдер: 

а) халықаралық аккредиттеу; 

б) түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі; 

в) ғылымды дамытуға қосқан үлесі; 

г) түлектердің елді, аймақты және саланы дамытуға қосқан үлесі; 

д) оқытушылардың жалақы деңгейі.

Жоғары оқу орындарын саралау тетігі көзделген: 1) олардың көрсетілген өлшемшарттарға толық сәйкестігі бойынша және 2) әкімдіктің, ірі компаниялардың кепілгерлігімен өлшемшарттарға ішінара сәйкестігі бойынша.

 

Жоғары оқу орындарының басқарушылық дербестігін кеңейту

ЖОО-ны басқару заңнамаға және ЖОО жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. ЖОО-дағы басқару органдары олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай бақылау кеңестері немесе директорлар кеңестері, немесе құрылуы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де басқару органдары болып табылады. Тиісінше, заңнама жоғары оқу орындарын басқару органдарының түрлерін таңдауда шектемейді.

25 мемлекеттік ЖОО 100% мемлекеттің қатысуымен КЕАҚ болып қайта құрылды. КЕАҚ — өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс алуды көздемейтін және алынған таза табысты бөлуді жүзеге асырмайтын коммерциялық емес ұйым. Барлық алынған табыс жоғары оқу орнын дамытуға, атап айтқанда зертханалық базаны жабдықтауға; оқытушылардың жалақысын арттыруға; жоғары оқу орнының инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.

Мемлекеттің 100% қатысуымен істейтін барлық жоғары оқу орындарында директорлар кеңестері құрылған, құрылымы мен штат саны бекітілген.

Жоғары оқу орындарының КЕАҚ-қа көшуі жоғары білім берудің барлық жүйесін дамытудағы жаңа кезең. Жоғары оқу орындарының КЕАҚ-қа көшуі басшылық құрамды қоспағанда, жоғары оқу орны мен қызметкерлердің еңбек қатынастарына әсер етпейді. 

 

Жоғары білім сапасына қойылатын талаптарды арттыру

2020 жылғы 18 мамырда Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Негізгі өзгерістер мыналарды көздейді:

  1. ЖОО ректорларының ЖОО-ның оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелері жөнінде жұртшылықпен жыл сайынғы есептік кездесулері;

  2. білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстарын (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей, сөздер мен сөз тіркестерін синониммен ауыстыра отырып, мәтінді пайдалану және көшіріп алынған материалдың бар-жоғын тексеру. Бұл ретте көшіріп алуға тексеру жүргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орны айқындайды;

  3. ЖОО білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырылған (қайтарып алынған) немесе таратылған жағдайда осы ЖОО-ның білім алушысы өз оқуын жалғастыру мақсатында лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырылу (қайтарып алу) немесе тарату күннен бастап бір семестр мерзімде және (немесе) жазғы және қысқы демалыс кезеңінде басқа ЖОО-ға ауысады.

  4. Шетелдік ЖОО-лардан білім алушылардың ауысуы білім берудің тиісті деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖОО-да жүзеге асырылады.

  5. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орны еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құрады;

  6. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізі болып табылады және оны іске асыруды ЖОО қамтамасыз етеді.

2020 жылғы 5 мамырда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің МЖМБС-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар мыналарды қарастырады:

  1. магистрлік және докторлық диссертациялардың ғылыми жетекшілеріне қойылатын талаптарды арттыру;

  2. дипломдық жұмыстарды (жобаларды) басқаруға бейіні бойынша оқытушылар және (немесе) Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар мамандар жіберіледі;

  3. дипломдық жұмысты жазудың орнына дипломдық жобаны дайындау мүмкіндігі;

  4. жоғары білім берудегі оқыту нәтижелері ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазуды меңгеру қажеттілігімен және оларды оқытылатын салада, академиялық адалдық қағидаттарында қолдану қабілетімен толықтырылды;

  5. дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement білім алушыларға тегін беріледі;

  6. research proposal енгізілді (докторант дайындаған және жоғары оқу орны бірінші немесе екінші оқу жылдары ішінде бекіткен, зерттеу мақсаты, міндеттері мен әдіснамасын, әдебиеттерге шолу және зерттеуден күтілетін нәтижелерді қамтитын құжат);

  7. докторанттарға диссертация оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде тегін негізде, ал кейінгі жылдары кемінде 4 академиялық кредит көлемінде ақылы негізде қорғауға мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ заңгерлерді, дәрігерлерді, сәулетшілерді, құрылысшыларды даярлауға қойылатын ерекше талаптар тұрғысынан жоғары оқу орындарына қойылатын КВТ толықтырылады.

 

Гранттарды орналастыруда сапаны арттыру

Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері кіретін Республикалық комиссия жүргізеді.

Биыл алғаш рет мемлекеттік тапсырысты орналастыруға 36 жоғары оқу орны жіберілген жоқ. Мемлекеттік тапсырысты орналастырғанға дейін ЖОО-лардың жол бермеуінің негізгі себептері: жоғары оқу орындарының дұрыс емес деректер ұсынуы, білім сапасының қанағаттандырарлықсыз болуы, жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігі болды. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП рейтингі қосымша критерий ретінде назарға алынды.

Нәтижесінде, өткізілген конкурс — ҰБТ негізінде білім алушыларға 53 мыңнан астам грант берілді.

Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік тапсырыс құнын арттыру көзделген.

Осылайша, мемлекеттік жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс құны 342,9 мыңнан 955,8 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 635,8 мыңнан 1 082,6 мың теңгеге дейін ұлғайды. Докторантурада мемлекеттік тапсырыс құны 1307 мыңнан 1 900 мың теңгеге дейін өсті.

 

ЖОО-ларды оңтайландыру 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

2020 жылдың басынан бері 26 ЖОО-да профилактикалық бақылау жүргізілді, жыл соңына дейін тағы 5 ЖОО-да бақылау жүргізу жоспарланған.

Тексеру нәтижелері жоғары оқу орындарының талапкерлерді қабылдау, белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін оқытушыларды жұмысқа қабылдау, оқытушылардың біліктілігін арттыру, педагогикалық жүктемені жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау және т. б. бөлігінде білім беру саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға жол беретіндігін көрсетеді.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша:

Бірінші. 5 ЖОО жабылды. 2 ЖОО бойынша министрліктің бас лицензиядан айыру туралы қаулысы қабылданды. Қазіргі уақытта қабылданған қаулыларға сотқа шағымдану процесі жүріп жатыр. Барлық білім алушылар белгіленген тәртіппен басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылады және оқуын жалғастырады. Сондай-ақ, оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі пысықталуда.

Екінші. 25 ЖОО кадрларды даярлаудың жекелеген бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшаны қайтарды. Қосымша тағы 4 ЖОО лицензияға 13 қосымшаны қайтарды. Осының салдарынан педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының саны қысқаруда.

Енді ЖОО таратылған, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан немесе лицензиясына қосымшадан айырылған (қайтарып алынған) жағдайда студенттер семестрдің аяқталуын күтпей, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев қазақстандық жоғары оқу орындарында бүгінде 35 мыңнан астам шетелдік студент оқып жатқанын хабарлады.

«Шындығында, біз коронавирус жағдайының дамуына байланысты шетелдік студенттердің саны өзгереді деп болжадық. Алайда, біз ЖОО-мен бірлесіп қабылдаған барлық іс-шаралардың арқасында бұл сан өзгерген жоқ. Егер біз 2019-2020 оқу жылы туралы айтатын болсақ, онда бұл сан 34 мың 452 адамды – Қазақстан бойынша жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік азаматтарды құрады. Бүгінде бұл сан 35 мың 146 студентті құрайды. Бізде көп болмаса да, өсім бар», — деді ол. 

Директордың айтуынша, бұл Қазақстан аумағына келе алмаған шетел азаматтары үшін қашықтықтан оқыту мүмкіндігін ұсынудың арқасында мүмкін болды, жаңа жағдайда олар үйде отырып оқиды.

«Біздің үйінде интернеттің болмауына байланысты Қазақстан аумағында оқуға ниет білдірген шетел азаматтары болды. Біз олардың жатақханаларда тұруды қамтамасыз еттік, яғни олар жатақханаларда тұрады және қашықтықтан оқиды, оларға интернет және жабдықтар берілген», — деді Ә. Тойбаев. 

Дәстүрлі оқыту форматына көшу мәселесіне қатысты ҚР білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов барлығы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын атап өтті.

«Шешімді нақты өңірдегі, жалпы елдегі жағдайды ескере отырып ҚР ДСМ қабылдайды. Бұл жағдайда, егер білім беру ұйымдары туралы айтатын болсақ, бұл мектеп немесе жоғары оқу орны ма, ол маңызды емес, онда біз жалпы оқытудың кез келген форматына дайынбыз. Егер жекелеген өңірлерде орналасқан, қызыл немесе сары аймақта орналасқан жекелеген білім беру ұйымдары бойынша нақты айтатын болсақ, онда олар бойынша шешімді ВАК қабылдайтын болады. Жағдай күн сайын өзгеріп отырады. Сіз басқа елдерде не болып жатқанын, КВИ ауруының өсу динамикасын көресіз. Мұның бәрі аймақтың эпидемиологиялық жағдай ошақтарына қаншалықты жақын орналасқанын ескере отырып шешіледі және соған байланысты шешім қабылданады», — деді ол.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова «Астана» университетімен болған жағдай туралы хабардар етті.

Бұл биылғы жылы түлектері дипломдарын уақтылы ала алмаған университет, өйткені университет тек 2020 жылдың тамыз айында аккредиттеуден өтті, сәйкесінше, егер түлектер осындай ниеттері болған болса, олар уақытында магистратураға түсе алмады немесе оқуды аяқтағаннан кейін дереу жұмысқа орналаса алмады. 

«БҒМ тарапынан осы университетте білім беру қызметі қандай, қандай кемшіліктер бар деген сұрақ туындайды. Себебі, студенттер тарапынан алаңдаушылық бар. Біздің ақпаратымыз бойынша, бұл университет микрокәсіпкерлік субъектілеріне жатпайды, өйткені бұл университетте 3 мыңға жуық студент оқиды, ал Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мұнда кемінде 15 қызметкер жұмыс істеуі керек», — деді ол. 

Г. Көбенованың айтуынша, бір жыл ішінде «Астана» университетінде тексеру жүргізуге екі әрекет жасалған. Студенттердің өтініші бойынша жоспарланған соңғы жоспардан тыс тексеру, студенттер өздерінің бітіру курсына өткеніне алаңдаушылық білдірген кезде, бірақ университетте алдыңғы оқу жылының соңында оқытушылар болмауы себепті дипломдық жұмыстарының ғылыми жетекшілері тағайындалмағанда жүргізілді.

Осы өтініш негізінде тексеру тіркелді, бірақ университет тарапынан тексеруге кедергі жасалды, атап айтқанда, ғимаратқа кіруге кедергі келтірілді. Университет әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Екінші тексеру жоспарлы негізде жоспарланған болатын, бірақ сонымен бірге университет тарапынан да бас тартылды, олар құжаттарды ұсынбады. Сол кезде де университет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты бүгінгі таңда бұл университетте мұндай тексерулер жүргізілген жоқ», — деді Г. Көбенова. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.