Ақмола облысы — әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды индикаторларын орындау бойынша бірінші орында

Орталық коммуникациялар қызметінің Бурабай курорттық аймағында өткен көшпелі баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму туралы айтып берді.

Ақмола облысында халыққа қолдау көрсету бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Алға қойылған міндеттерді және дағдарыстан кейінгі дамудың басым бағыттарын іске асыра отырып, өңір дамудың оң серпінін сақтап қалды. Облыс басшысы кездесудің жаңа саяси реформаларды жүзеге асыру жағдайында өтіп жатқанын ерекше атап өтті.

«1995 жылдан бері алғаш рет біздің елімізде тарихи маңызды оқиға – Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтті. Біздің азаматтарымыздың көпшілігі Мемлекет басшысының бастамасын қолдағаны және ел үшін тағдырлы мәселелерді шешуге тікелей қатысқаны қуантады», — деді Е.Маржықпаев.

Оның мәліметінше, референдум қорытындысы бойынша ақмолалықтардың сайлау учаскелеріне келуі 73,81% (ҚР бойынша – 68,06%) құрады. Конституцияға енгізілген түзетулер үшін сайлаушылардың 81,98% өз дауысын берді, бұл елдегі ең жақсы көрсеткіш Анықтама: Ақмола облысы мен СҚО-да түзетулер ең көп қолдау тапты. ҚР бойынша – 77,18%.

Ермек Маржықпаев ел үшін тағдырлы осы шешімдегі белсенділігі үшін барлық ақмолалықтарға алғысын білдірді.

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2022 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша республика өңірлерінің бөлінісінде Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды индикаторларын орындау жөнінде бірінші орында келеді. Өңір әкімі ұсынған мәліметтер бойынша, аталған кезеңде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өндірістің 9%-ға өсуіне қол жеткізді. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 109% (543,4 млрд теңге), ауыл шаруашылығы – 100,5% (120,1 млрд теңге), негізгі капиталға инвестициялар – 127,6% (181,1 млрд теңге), құрылыс жұмыстары – 136% (38,5 млрд теңге) құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1,2%-ға (242,6 мың ш м) өсті. Сонымен қатар мамыр айында тұтыну бағаларының индексі 108,2%-ды (3-орын; ҚР бойынша – 108,8%), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 112,5%-ды (2-орын;) құрады. 8 мыңнан астам (8 148) жаңа жұмыс орны құрылды (бір жылға арналған жоспарға 46,2%; жоспар – 17649 орын), оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 5 мыңға жуық (бір жылға арналған жоспарға 4 808 немесе 45,4%). Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% (2022 жылғы 1 тоқсанда). Бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасы тұрақты бақылауда.

Өңірде өнеркәсіп және индустриялық сектор белсенді дамуда

Өнеркәсіп секторы – өңір экономикасындағы басым сала. Ел ауқымында барлығы облыста 100% подшипниктер, әрбір 2-ші мамандандырылған автомобиль (57,3%) трактор (46%), 65% астық жинайтын комбайндар, 4-ші килограмм алтын (26,2%), әрбір 3-ші тонна құс еті (28,7%), 6-шы тонна өңделген сүт (17,1%), әрбір 6-шы жұмыртқа, ұнның едәуір бөлігі (әрқайсысы 15 тонна) және өсімдік майы (әрқайсысы 22 тонна ) өндіріледі.

Ақмола облысы әкімінің айтуынша, индустриялық сектордың өсуі тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі есебінен, ал өнеркәсіп секторының жоғары серпіні жаңа жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі. 

«Құрылыс индустриясы да табысты дамуда. Қуаттылығы жылына 60 млн дана кірпіш болатын жұмыс істеп тұрған «Енки» зауытына қосымша жылына 30 млн дана кірпіш шығаратын «Енки Плюс» жаңа зауыты салынды. Жақын арада республика аумағында өндіру қуаты жылына 120 млн дана болатын тағы бір ірі кірпіш зауытын («Эс Джи Брик» ЖШС, жобаның құны 24,5 млрд теңге) іске қосу жоспарлануда. Бұл облыс бойынша кірпіш өндірісін 2 есеге (жылына 304 млн данаға дейін) ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Ермек Маржықпаев.

Металлургия саласында «Ақсу Technology» ЖШС-нің жаңа өнімі есебінен Доре қорытпасын өндіру көлемі ұлғайды. Сондай-ақ жыл соңына дейін қуаты жылына 5 млн тоннаны құрайтын құрамында алтын бар кенді құрайтын жаңа, ірі гидрометаллургиялық кешенді («Эр Джи Процессинг», жобаның құны 105 млрд теңге) іске қосу көзделген.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің ұлғаюы есебінен өндіріс көлемі ұлғайды. Ұн, шұжық өнімдері, сары май және ашыған сүт өнімдері өндірісі артты. 

Облыс әкімінің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде сусындар өндірісі, пестицидтер, этил спирті өндірісі ұлғайтылды. Өткен жылы енгізген қуаттылығы жылына 6 мың тонна құс етін өндіретін ірі кәсіпорын («Ақ-Дала Агро» ЖШС үшінші кезең аясында, жобаның құны 27 млрд теңге) тұрақты жұмыс істеп тұр. Осы жылдың қазан айында Орта Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Макинск құс фабрикасының» 3-ші кезегінің құрылысы (жобаның құны 25 млрд теңге) аяқталады. Құс фабрикасының 3-кезегін (25 мың тонна) іске қосу құс етінің импортын 15%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы, кәсіпорын пайдалануға берілген сәттен бастап облыста құс етін өндіру айтарлықтай өсіп, 66%-ды құрады (2021 жылы – 106,7 мың тонна). 

Айта кетейік, Қазақстанда құс етінің импортына 170 мың тонна көлемінде жыл сайынғы квота белгіленген.

Өңір басшысы соңғы 3 жылда тамақ өнеркәсібінде өсімнің жоғарғы қарқыны сақталып отырғанын атап өтті. 

Анықтама: Нақтылы көлем индексі 2019 жылы - 109,9%, 2020 жылы - 103,6%, 2021 жылы - 115,5% құрады. Ақмола облысының өңдеу өнеркәсібінің құрылымында тамақ өнеркәсібінің саласы 12,8% алады.

Жыл басынан бері 66 млрд теңгеден астам сомаға жергілікті азық-түлік тауарлары өндірілді (өткен жылдың деңгейінде). Бүгінгі таңда ақмолалық тауар өндірушілердің өндірісі облыс халқының қажеттілігінен тағамдық жұмыртқа бойынша 3,5 есеге (299,4 млн дана), құс еті бойынша 8 есеге (30,7 мың тонна), ұн бойынша 35 есеге (77,9 мың тонна), сүт бойынша 2,5 есеге (27,1 мың тонна) асып түседі. Сондай-ақ бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылып жатыр. 

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, 2025 жылға дейін 1,3 трлн теңгеге 304 жобаны жүзеге асыру шамамен 13,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ақмола облысы – негізгі ауыл шаруашылық өңірлердің бірі

Өңірдің еліміздегі ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 10% құрайды. Биыл облыс аграршылары егіс алқаптарын 5,1 млн гектарға дейін (57 мың га дейін артады) ұлғайтты. Бұл – республикадағы ең үлкен астық сынасы (5 млн га астам).

«Ақммола облысында жыл сайын ел астығының шамамен төрттен бірі өндіріледі, астыққа, тұқымға және мал азығына деген ішкі қажеттілік толығымен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын 28 таяу және қиыр шет елдерге 2 млн тоннадан астам астық экспортталады», — деді өңір басшысы Ермек Маржықпаев. 

Өңірде астық өндірісінің негізгі құрамдас бөлігі - техникалық жабдықталуына көп көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері жергілікті агроқұрылымдарымен 727 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды (оның ішінде тракторлар - 174 бірлік, комбайндар - 71, егіс кешендері - 65 және өзге де техникалар – 417), жалпы құны 21 млрд теңгені құрады.

Анықтама: Бірнеше жылдан бері астықтың 90% бидайдың үшінші санатына жатады. Егіс науқанына барлығы 14,7 мың бірлік трактор, 16,4 мың астық сепкіш және 1,4 мыңнан астам бірлік жоғары өнімді егіс кешендері қатысты. Техниканың дайындығы - 100%.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін облыста әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Жыл сайын майлы дақылдардың, картоп пен көкөністің егістік алқаптары кеңейтілуде. 

Осы жылы майлы дақылдар (18,5 мың га, 283 мың га) және картоп алқаптары (2,2 мың га-ға, 17,4 мың га-ға) 15%-ға, көкөніс алқабы 400 га-ға (2,7 мың га) ұлғайтылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыс әр ауданда ет және сүт фермаларын құру бойынша кезең-кезеңімен мақсатқа қарай жылжып келеді. 

Анықтама: 2021 жылы өңірде 6,5 мың басқа 125 ет фермасы және 2,5 мың басқа 19 сүт-тауар фермасы құрылды, осы жылы 4,5 мың басқа 104 ет фермасын және 2,4 мың басқа 11 сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарланған, оның ішінде бүгінгі күні 1,4 мың басқа 19 ет фермасы құрылды. 4,9 мың басқа арналған 4 ірі мамандандырылған сүт фермаларының (қуаты 1000-нан 1500 басқа дейін сауын табыны) құрылысы бойынша жұмыстар басталды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңірдің 130 кәсіпорны азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының айналасында ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен айналысады, оның ішінде 68 - мал шаруашылығы өнімі, 6 - құс шаруашылығы өнімі, 56 – өсімдік шаруашылығы өнімі. Олар елорданың 44 ірі сауда нүктесіне өнім жеткізеді. Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың барлық 20 өңірі кірді. Жыл басынан бері 62 мың тонна сүт өнімдері (2021 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,1%-ға өсті), 14 мың тонна ет және ет өнімдері (1,4%-ға өсті), 105 млн дана жұмыртқа (7,6%-ға төмендеді) жеткізілді.

Жалпы, үш жылдың ішінде инвестиция сомасы 266 млрд теңге болатын 48 нысанды іске қосу (2021 жылы 18,3 млрд теңгеге 10 жоба іске асырылды, 2022 жылы 16 млрд теңгеге 16 жоба жоспарланған) көзделген, оның жартысы тамақ өнеркәсібі жобалары. Ең ірілері - «Бота» өсімдік майын қайта өңдеу зауытының құрылысы, Атбасар ауданында көкөністердің жылыжай өндірісі, «AGROFIDELITY» ЖШС, «Баха Соне» ЖШС, «El Grano» ЖШС барлық түрдегі ет, ұн және жарма өнімдері. 

Бұл өсімдік майы өндірісін 3,5 есеге (180 мың тонна, «Бота-2015» ЖШС), жылыжайда көкөніс өсіруді 3 есеге (Атбасар ауданының «AT system» ЖШС 6 мың тонна), тауарлы-сүт фермаларындағы шикі сүтті 1,5 есеге (жылына 43 мың тонна, «Мәншүк» ЖШС, «Еңбек» ЖШС және т. б.), еттің барлық түрлерін 25%-ға (52 мың тонна, «UNICORN HOLDINGS» ЧК, «BigFarm» ЖШС, «АПК Bavaria Product» ЖШС), ұн және жарма өнімдерін 20%-ға (165 мың тонна, «AGROFIDELITY» ЖШС, «Баха Соне» ЖШС, «El Grano» ЖШС) ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 5,5 мың тонна балық пен форель және бекіре тұқымдас уылдырық шығару игерілетін (Аква Фактория, Посейдон) болады. 

«Жалпы, облыста жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістігіміз, тиісті мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жүзеге асырылды», — деді Ермек Маржықпаев. 

Биыл субсидия түрінде 48,1 млрд теңге (2021 жылға қарағанда өсім 1,4 млрд теңге) бөлінді. Сонымен қатар «Кең Дала» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарына 20,2 млрд теңге көлемінде 240 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдетілген несие (Аграрлық несие корпорациясы арқылы) берілді. 

Тұрғын үй құрылысы

Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2022 жылы салынып жатқан үйлер саны артты. Соңғы 3 жылда Ақмола облысында жыл сайын кемінде 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі (2019 жылы – 534 мың ш м, 2020 жылы – 573,7 мың ш м, 2021 ж – 600 мың ш м). 

Өткен жылы 600 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру шамамен 5 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуына мүмкіндік берді (4 615). 

«Біз, жыл сайын, тұрғын үй құрылысының аясын кеңейтіп келеміз. Өткен жылы облыстың 9 ауданы мен қаласында 14 жалға берілетін (556 пәтер) және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы 5 кредиттік (204 пәтер) үй пайдалануға берілді», — деді өңір әкімі. 

Анықтама: 2021 жылы аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін 100 пәтер жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді (Көкшетау қ. - 71, Ерейментау ауданында – 20, Шортанды ауданында – 9 пәтер). «Бақытты Отбасы» бағдарламасы аясында жыл қорытындысы бойынша 108 өтінім қабылданды, оның ішінде 92 мақұлданды. 

Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ермек Маржықпаев құрылыс қарқыны артатынын атап өтті. 

Жолдар

Биыл жергілікті маңызы бар 800 км жолды жөндеу жоспарланған, жобаларды іске асыру нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 82%-ға дейін артады. 

Ақмола облысы әкімінің айтуынша, былтыр жергілікті маңызы бар автожолдарды салуға, жөндеуге 232 жобаға 38 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 172-сі аяқталды (облыстық маңызы бар жолдар – 7 жоба, аудандық жолдар - 165). Облыстық, аудандық маңызы бар (317,2 км) 800 км автожол және елді мекендердің көше-жол желісі (472,1 км) жөнделді. Осы жылы 1 мың км жол желісін (36 млрд теңге бекітілген, республикалық юджетті нақтылау қорытындылары бойынша тағы 23 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде) жақсарту жоспарланған. 

«Үкіметтің қолдауының арқасында жыл сайын жол желілерін жақсартуға мүмкіндігіміз бар. Мысалы, 2016 жылы 162 км салынып, жөнделсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 790 км құрады, өсім 4 есеге жуық. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 87% жетеді. Яғни, жол құрылысында айтарлықтай ілгерілеу бар», — деді Ақмола облысының басшысы. 

Оның айтуынша, сумен жабдықтау жүйелерін салу және жөндеу бойынша жобалар 68 елді мекенде іске асырылып жатыр, орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту деңгейі 90%-ға дейін артады.

Қазіргі уақытта, сапалы сумен жабдықтау жүйесіне қол жетімділік облыс халқының 92% бар, оның ішінде, қала тұрғындарында – 95% (401 983 адамнан 382 358 адам), ауылды елді мекендерде - 89,3% (420984 адамнан 376 091 адам). Өңірдің 177 елді мекенін сумен қамтамасыз ету мақсатында (161 – орталықтандырылмаған, 16 - тасымалданатын), 2025 жылға дейін ауқымды жұмыс жоспарланған. Атап айтқанда: 

  • 68 (алпыс сегіз) ауылда сумен жабдықтау тораптарының құрылысы, сонымен қатар 29 ауыл үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
  • 72 ауылда кешенді блок модуль орнату; 
  • 37 ауылда сүзгі немесе су тарату пункттерін орнату арқылы ұңғыма бұрғылау.

Биыл 17 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су бұру бойынша 63 жоба іске асырылып жатыр. 

Анықтама: республикалық бюджеттен - 13,7 млрд теңге, облыстық бюджеттен - 3,3 млрд теңге, оның ішінде 45 жоба жыл ішінде аяқталатын болады (сумен жабдықтау мен су бұру тораптарын реконструкциялау және салу - 22 жоба, күрделі жөндеу – 5, ағымдағы жөндеу – 18), 18 – 2023 жылға ауысады.

Азаматтарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту басты назарда. Ақмола облысының әлеуметтік саласындағы жобалар жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Түрлі бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбек нарығында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5 мыңы - тұрақты.

Білім және спорт 

Ақмола облысында 2025 жылға дейін 25 жаңа балабақша ашу, 25 мың жаңа орынға арналған 43 заманауи мектептің құрылысы, облыстың 376 мектебін заманауи жабдықтармен жабдықтау көзделген. Биыл 3,8 млрд теңгеге 61 нысанды ағымдағы жөндеу және 25 әлеуметтік нысанды күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Сондай-ақ өңір әкімінің айтуынша, осы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 752 орындық 15 мектептің құрылысы жалғасады. Үш ауысымды оқыту мәселесін шешу үшін 4,5 мың орындық 6 мектеп пайдалануға беріледі. Салынып жатқан мектептердің басым бөлігі елорда маңындағы аймақта орналасқан, бұл үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. 4 мектеп 2023 жылға қалады.

«Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Биыл Қосшы қаласында емхана, Целиноград ауданында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталады, Атбасар ауданында 2 медициналық мекеменің құрылысы басталады. Бүгінгі ең ауқымды жоба — Көкшетаудағы 630 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы. Бұл өңір үшін өте маңызды жоба»,  —  деді Ермек Маржықпаев.

Бұқаралық спортты дамытуға да назар аударылады. Бүгінгі күні дене шынықтырумен және спортпен 216 мыңнан астам адам айналысады, бұл 35,7%-ды құрайды. Өңірде спорттық инфрақұрылымын жаңарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Соңғы үш жылда алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды (Астрахан, Аршалы, Біржан сал ауданында, Целиноград, Атбасар аудандарында және Көкшетау қаласында). Облыс орталығында жеңіл атлетика манежі мемлекеттік меншікке қайтарылып жөнделді, мұз айдыны спорт кешенінің құрылысы басталды. Ерейментау қаласында екі жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда. Бұдан бөлек, Бурабай ауданының Мәдениет және Жақсы ауданының Жақсы ауылдарында спорт кешендері салынуда. Қорғалжын ауданында дене шынықтыру - сауықтыру кешені, Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысы жүргіп жатыр. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу