Алматы облысының экономикасы пандемия жағдайында негізгі көрсеткіштер бойынша өсімді сақтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағыты негізделуі тиіс жеті негізгі қағидатты атады. Олардың ішінде азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын Президент басты басымдық ретінде айқындады. Алматы облысында әлеуметтік сала мәселелері қалай шешілуде, өңір халқына, оның ішінде пандемия жағдайында шағын және орта бизнеске қандай мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр және өңірдің 2020 жылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қандай — материалдан оқыңыздар.

Экономиканың дамуы үшін туындаған қиын жағдайларға, тіршілік етудің барлық салаларына әсер еткен коронавирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған жағымсыз факторларға қарамастан, Алматы облысы осы жылдың 7 айында экономиканың барлық негізгі салалары бойынша оң динамиканы және көрсеткіштер өсімін сақтап қалды.

Өнеркәсіпте 636 млрд теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 264,2 млрд теңгеге жетті немесе 102,4% құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 119,4 млрд теңгені құрап, 6,6%-ға өсті. 525 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсу қарқыны 118,3%-ды құрады. Облыс экономикасына 292,5 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға көп.

Жалпы облыс бойынша 38,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 15,6 мыңы — тұрақты. Карантин кезеңінде жұмыссыз қалған азаматтарды жұмысқа орналастыруға Жұмыспен қамтудың жол картасы айтарлықтай көмек көрсетті, оның шеңберінде 22,8 мың жұмыс орнын құрумен 109,2 млрд теңгеге 977 жоба іске асырылып жатыр (оның ішінде 1,8 мыңы тұрақты және 10,5 мыңы Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша).

2020 жылы ішкі өңірлік өнім көлемі 3343,5 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Осы жылдың І тоқсанында ЖӨӨ көлемі 672,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,1%-ға өсті.

Алайда, төтенше жағдай мен карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты осы жылдың сәуір айынан бастап қысқа мерзімді экономикалық индикатор (бұдан әрі — ҚЭИ) төмендейді. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде ҚЭИ 99,4%-ды, қаңтар — мамырда 98,2%-ды, қаңтар-маусымда 99,9%-ды құрады.

Соның нәтижесінде, жыл соңына қарай ЖӨӨ НКИ өсу резервтерін ескере отырып, 97% деңгейінде күтілуде.

 

Облыста экономикалық белсенділікті қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар қабылданды

Оған инвестициялар тарту, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібін, ШОБ және сауданы дамыту шаралары енгізілді.

Жоспарды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында биыл жалпы құны 306,1 млрд теңге болатын, шамамен 5,8 мың жұмыс орнын құрумен 72 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде 800-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 14,6 млрд теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін «Автодром Sokol» спорттық-техникалық кешенінің құрылысы («Sokol» СТК» ЖШС, жобаның жалпы құны 74 млрд теңге), цемент зауытының құрылысы («Alacem» ЖШС, жобаның жалпы құны 47 млрд теңге), «Қаскелең Солар Пауэр» күн электр станциясының құрылысы 50 МВт («MistralEnergy»  ЖШС, жобаның жалпы құны 15,6 млрд теңге), құс фабрикасын қайта жаңарту («OTAN GreenFood» ЖШС, жобаның жалпы құны 10,5 млрд теңге), құрама жем зауыты («Феникс Фид Миллс» ЖШС, жобаның жалпы құны 5,8 млрд теңге).

2020 жылы инвестиция көлемін 11% өсіммен 711 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 55,4 млрд теңгеге 224 жоба пысықталуда (оның ішінде 26,3 млрд теңгеге 157 жоба мақұлданды, 21,4 млрд теңгеге 23 жоба қаралуда).

Пандемияға байланысты өңір экономикасы белгілі бір өзгерістерге ұшырады, бірақ тұтастай алғанда, қабылданған шаралардың арқасында өнеркәсіпте тұрақты жағдай байқалады, 2020 жылы күтілетін көлем 1 046 млрд теңгені немесе өткен жылға қарағанда 102,5%-ды құрайды.

Облыста мыңнан астам өнеркәсіптік кәсіпорын, оның ішінде 100-ге жуық ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда сауда және қызмет көрсету саласындағы 16,2 мың кәсіпорынның 5,2 мыңы азық-түлік тауарлары, құрылыс материалдары, саяжай жабдықтары, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы және жинақтаушы бөлшектер саудасы саласында тұрақты жұмыс істейді.

1 сәуірден бастап ірі сауда үйлері, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері және басқа да қызмет көрсету объектілері қызметін уақытша тоқтатты. Осыған байланысты тауар айналымы көлемінің 20%-ға төмендеуі күтілуде немесе шығындар 53 млрд теңгені құрайды (жылдық көлемі — 577 млрд теңге).

Сондай-ақ облыс аумағында 531 туристік нысанның 23-і жабылды, оның ішінде 269-ы маусымдық, барлық нысандар 50% жүктемені ұстанады.

Жыл қорытындысы бойынша туристер ағыны 45%-ға 2,3 млн адамнан 1,3 млн адамға дейін төмендейді, көрсетілген туристік қызметтер көлемі 2019 жылғы 15,9 млрд теңгеден 8,4 млрд-қа немесе 47%-ға төмендейді деп күтілуде.

Бұдан өзге көлік қызметтерін көрсету саласында көрсеткіштердің төмендеуі байқалады — 84,5% (280,1 млрд теңге). Құлдырау төтенше жағдай кезінде қалааралық тасымалдау қозғалысын тоқтата тұрумен және карантиндік шаралардың қолданылуымен байланысты.

Пандемия кезеңі цифрландыру саласына оң әсерін тигізді. Қызметтердің цифрлық форматқа көшуі байланыс қызметтері бойынша көрсеткіштің өткен жылға қарағанда 6,5%-ға артуына әсер етіп, 8,6 млрд теңгені құрады.

 

Пандемия жағдайында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне де қолдау көрсетілуде

ШОБ-ты қолдаудың жүйелі шараларын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Бұл мақсатқа шамамен 16,2 млрд теңге қарастырылған. 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетіледі («Бизнестің жол картасы 2025» — 9,5 млрд теңге, «Еңбек» — қалалар үшін 279,5 млн теңге, ауылдық жерлер үшін 4,6 млрд теңге, «Жетісу» — 1 млрд теңге).

Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 118,9 мың бизнес субъектісі салықтық ынталандыруларға ие болды, 641 субъектіге несиелер төлемін кейінге қалдыруға рұқсат берілді.

Облыста шағын және орта бизнестің серпінді дамуы байқалады, 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 123 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді. 2020 жылдың соңына дейін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің санын 124,9 бірлікке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 2019 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 1 050 млрд теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 32%-дан 32,5%-ға дейін өсті.

Шағын және орта бизнес секторында 2020 жылғы қаңтар-наурызда 251,5 мың адам жұмыспен қамтылған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша өнім шығару көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, 1 535,6 млрд теңгені құрады (2018 жылы — 1 367,7 млрд теңге). Биылғы бірінші тоқсанда өнім шығару көлемі 260,7 млрд теңгені (НКИ – 106,4%) құрайды, бірінші жартыжылдықта өнім шығарудың күтілетін көлемі 565,6 млрд теңгені (НКИ 100,5%) құрайды. 2020 жылға жоспар — 1 650,3 млрд теңге.

2020 жылдың 6 айында ШОБ субъектілерінен бюджетке 51,4 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың деңгейінен 500 млн теңгеге жоғары.

 

Өңірдегі басым міндеттердің бірі — АӨК дамыту

Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 7,3 мың гектарға ұлғаюмен 968,9 мың гектарды құрады. Егін жинау және жем-шөп дайындау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

750 басқа арналған 4 сүт фермасы және 350 басқа арналған 2 бордақылау алаңы пайдалануға берілді, 6,7 мың басқа арналған 12 ұқсас нысан салынып жатыр.

Бұдан өзге қуаттылығы жылына 44 мың тонна құс етін құрайтын екі құс фабрикасын іске қосу жоспарда бар («Otan Green Food» ЖШС 2020 жылы 29 мың тонна, «Наурыз Агро» ЖШС 2020-2023 жылдары 15 мың тонна).

 

Өңірде денсаулық сақтау жүйесіне көп көңіл бөлінеді

Тамыз айының соңында облыста стационарлар жүктемесінің төмендеуіне байланысты инфекциялық төсек орындарының саны 520-дан 250-ге дейін, инфекциялық және провизорлық төсек саны 3560-дан 1407-ге дейін қысқарды.

Барлығы 645 адам стационарлық ем алып жатыр, оның 55-і инфекциялық, 590-ы провизорлық бөлімшеде.

Қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарының жүктемесі 22% құрайды (төсек орны – 250, науқастар – 55, реанимацияда – 10), провизорлық – 41,9% (төсек орны – 1407, науқастар – 590, реанимацияда – 24).

Ауруханаларда 288 ӨЖЖ аппараты бар, оның 77-сі жергілікті бюджет есебінен сатып алынды, тағы 119-ы республикалық бюджет есебінен, 25-і демеушілер есебінен жеткізіледі деп күтілуде. Жергілікті бюджеттен қосымша 100 бірлік ӨЖЖ-аппаратын сатып алуға 1 млрд 250 млн теңге бөлінді. Тамыздың соңына дейін ӨЖЖ аппараттарының санын 507 бірлікке дейін жеткізу жоспарда бар.

Сондай-ақ отандық рентген аппараттарының 9 бірлігі (370 млн теңге) сатып алынады.

Медициналық ұйымдарда 634 оттегі концентраторы бар. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100 дана оттегі концентратын сатып алу үшін 83,4 млн теңге бөлінді. Сатып алу рәсімі жүргізіліп жатыр.

Облыстың жергілікті бюджетінен ҚХР-дан (Гуанджоу қ.) «Шұғыла» қоғамдық қорының 4000 оттегі концентратын тасымалдауға 87 млн теңге бөлінді, оның 400-і Алматы облысына арналған. Бүгінгі таңда 400 бірлік оттегі концентраторы облыстың медициналық ұйымдарына толығымен жеткізілді. Бұдан өзге демеушілік көмек ретінде 90 оттегі концентраторы алынды.

Жалпы, тамыз айының соңына дейін 944 оттегі концентраты болады. Сондай-ақ медициналық ұйымдардың жанынан оттегі станцияларын орнатуға жергілікті бюджеттен қосымша 763,02 млн теңге бөлінеді. 

Аймақтың инфекциялық және провизорлық стационарларында 250 мыңнан астам қызу түсіретін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктер бар. Жергілікті бюджеттен дәрілік заттар резервін қалыптастыру үшін 550 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ.

Науқастарды емдеуге 3 455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды. Сонымен қатар ЖОО-ның 45 түлегі, 281 медколледж түлегі тартылды. Зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультациялық көмек көрсетуде.

Облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Үйде амбулаториялық көмек көрсету үшін 391 мобильді бригада құрылды. 391 медицина қызметкері тартылды, автокөлік бөлінді. 100 бірлік жедел жәрдем көлігі сатып алынады.

Коронавируспен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 4,9 млрд теңге, оның ішінде төтенше жағдай кезінде 2 млрд теңге бағытталды.

 

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жобалары белсенді түрде іске асырылуда

Медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен, интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге 53 медициналық мекеме қосылды, электрондық форматқа 224 нысан көшірілді, электрондық денсаулық паспорты 1 997 750 адамға жасалды, бұл халықтың 98,1%-ын құрайды.

Интернет желісіне қолжетімділік облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде 100%, аудандық деңгейден төмен – 84% қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта шалғай ауылдардағы медициналық пункттерді спутниктік байланыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл аудандық деңгейден төмен медициналық ұйымдардың интернет желісіне 100% қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 100% құрайды.

2020 жылғы 5 қаңтар мен 21 мамыр аралығында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, пациенттердің құқықтары бойынша материалдар жарияланды. Халықпен кеңестер мен кездесулер өткізіледі.

 

Өңір экономикасының базалық салаларының бірі — ауыл шаруашылығы

АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы салаға 44,8 млрд теңгеге қолдау көрсетілді, оның ішінде 14 бюджеттік бағдарлама бойынша АӨК субъектілеріне 43,2 млрд теңгеге субсидия берілді.

Биыл 42,6 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді (оның ішінде субсидиялар — 39,1 млрд теңге), оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 22,7 млрд теңге (53%) берілді.

10,5 га алаңда құлпынай өсірумен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан «Көбегенов» ЖК айналысады. Тамшылатып суарумен жабдықталған, орташа өнімділік гектарына 12-15 тоннаны құрайды.

Альбион, Сан Андреас, Клери және Антея құлпынай сорттары Испания мен Италиядан әкелінген, маусымда 150-ден астам адам жұмыс істейді. «Агробизнес» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырды. Шаруашылық аумағында құлпынай көшеттерін өсіру және оны одан әрі сату үшін тәлімбақ ұйымдастырылған.

«Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ қолдауымен қант қызылшасы, дәнді дақылдар, жүгері, күріш пен картоп өсіру, жем дайындау бойынша 51 СДО құрылды. СДО қаржы лизингіне 1202 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын алды. 200-ден астам ұсақ және орта шаруашылықтар біріктірілді, бұдан өзге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егін егу, оны өңдеу және жинау бойынша қызметтер көрсетіледі.

 

Экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды дамыту туралы

Бүгінгі таңда облыста экспортқа бағытталған 30-дан астам кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда.

Биыл қаңтар-мамырда өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі $129,8 млн құрады.

2019 жылы өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі $387,2 млн немесе 2018 жылға қарай 114,4% құрады.

Қазіргі уақытта облыс кәсіпорындары Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвия, Польша, Моңғолия, Украина, Эстония, Әзербайжан, Панама және т. б. елдерге тауарларды экспорттайды.

Биыл Чехия, Германия елдерінің нарықтарына шығуға мүмкіндік туды.  Сондай-ақ жақын арада Канада, Оңтүстік Корея, Грекия секілді елдерге тауарларды экспорттау жоспарда бар.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арқылы экспорттық кредиттер мен құжаттық аккредитивтерді сақтандыру бойынша 11 кәсіпорынға («Ақсу Қант» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan», «Алматы өнімі», «Қайнар АКБ» және т. б.) қолдау көрсетілді).

«Қазақстандық экспорт индустриясы орталығы» АҚ арқылы 12 кәсіпорынға («Қайнар АКБ» ЖШС, «Шин-Лайн», «Хамле Компани ЛТД» ЖК, «NUR KAGAZY», «ЮНИЛЮКС», «Kelun-Kazpharm» және т. б.) тауарларды экспортқа ілгерілету шығындары ішінара өтелді.

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ биылғы 12 наурыздан бастап экспортты жылжыту бойынша шығындарды өтеуге өтінімдер қабылдау жүргізілуде және Бағдарламаға қатысу бойынша кәсіпорындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары республикада, алыс және жақын шет елдерде түрлі халықаралық көрмелерге белсенді қатысады.

 

Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру

Өңір дамуының инвестициялық құрамдас бөлігі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға қамтамасыз етілген. Осы мақсатта Алматы облысының инвестициялық жобаларының қалыптастырылған пулы, ол қазіргі уақытта 469 жобаны (4,9 трлн теңге, 44 000 жұмыс орны) қамтиды, оның ішінде 279 жоба (1,7 трлн теңге, 21 000 жұмыс орны) іске асырудың әртүрлі сатысында тұр және таяу келешекте (2-3 жыл) өңірге инвестициялардың тұрақты ағынын қамтамасыз етеді. Ал 190 жоба пысықталу сатысында (3,2 трлн теңге, 21 000 жұмыс орны) 2029 жылға дейін өңірдің индустриялық дамуын қамтамасыз етеді.

Оның ішінде, облыста трансұлттық компаниялардың қатысуымен республика бойынша 19 жобаның жалпы сомасы 140 млрд теңгеден астам, 3 000 жұмыс орнын құрумен 9 жоба іске асырылуда.

Облыстың даму қарқыны оң сипатқа ие. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіп көлемі 525,8 млрд теңгені құрады (соңғы 5 жылда 111,2%-ға өсті).

Ауыл шаруашылығы өнімдері 2020 жылдың 6 айында 205,7 млрд теңгені құрады (2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 70%-ға артты).

Өңірдің сәтті жүзеге асырылған инвестициялық жобалары оның экономикалық дамуы мен өркендеуінің көрсеткіші саналады. ЛУКОЙЛ, «WILO Central Asia» ЖШС, «Eneverse Kunkuat» ЖШС, «Кумсуат Фарм» ЖШС, «Alugal» ЖШС, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС, «Империя Фуд» ЖШС, «KIF Warehouses» ЖШС секілді компаниялар мұнай-газ өнеркәсібі, фармацевтика, АӨК және басқа да салалардың дамуына баға жетпес үлес қосты.

Облыста инвесторларды тарту және сүйемелдеу бойынша кешенді жүйе құрылды.

«One window», «Green corridor» қағидаттарын іске асыратын инвесторларға арналған осы «front-office» функцияларын инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйым айқындаған «Алматы облысының Өңірлік даму орталығы» ЖШС орындайды.

Бұдан өзге инвестицияларды тарту жөніндегі шаралар шеңберінде invest.alm-reg.kz мамандандырылған инвестициялық порталы құрылды және ашық форматта жұмыс істейді, мобильді нұсқасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Порталда инвесторлар үшін барлық қажетті ақпаратты (мемлекеттік қолдау шаралары, жер учаскелерінің картасы, бос жер телімдері, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, қонақ үйлер, екінші деңгейдегі банктер және тағы басқалар) табуға болады. Ақпаратпен толықтыру, оның өзектілігін қолдау және интернет желісінде ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, өңірде инвестициялар тарту, инновациялар және инвестициялық жобаларды іске асырудың табыстылығы мәселелері орталықтандырылған және облыс басшылығының ерекше бақылауында. Өңірдің инвестициялық портфелі өңірдің жағымды инвестициялық имиджін құрудың маңызды мәселесінде бюрократиялық кедергілердің туындауына жол бермейтін тетіктің (квазимемлекеттік құрылым шеңберінде) нәтижелілігін куәландырады.

 

Өңірдегі өңдеу өнеркәсібі облыстың экономикалық дамуының негізі

Өңдеу өнеркәсібінде облыс темекі өнімдерінің, жүзім шарабының, гофрленген картоннан жасалған қаптаманың республикалық тауар өндірісінде басымдыққа ие.

Өңір республикада уыт, электр аккумуляторлары, гипсокартон бұйымдары, жоғары вольтты электр желілері мен өртке қарсы гидранттар үшін темір-бетон және металл тіректерді, силикон және синтепонды, ыстық мырышталған металл конструкцияларды жалғыз өндіруші болып табылады.

2020 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп көлемі 636 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдан 91 млрд теңгеге (545 млрд теңге) артық, НКИ - 105% (ҚР бойынша НКИ – 101,3%).

Өңдеу өнеркәсібінде 556,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2019 жылдан 82,1 млрд теңгеге артық (474,4 млрд теңге), НКИ - 105,9% (ҚР бойынша НКИ - 103,8%).

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі 87,5% — республикадағы ең жоғары көрсеткішті құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы: тамақ өнімдері (27,7% көлеміндегі үлесі), сусындар (25,3%), темекі өнімдері (13,8%), құрылыс индустриясы (6,5%), машина жасау (5,5%), фармацевтика (3,9%), жеңіл өнеркәсіп (1,8%) және басқа да салалар.

Салалар бөлінісінде өсім мынадай салаларда байқалады: тамақ өнімдерін өндіру — 7,6%, сусындар өндіру — 0,5%, темекі өнімдерін өндіру — 11,6%, фармацевтика — 19,5%, металлургия — 20,2%, машина жасау — 77,9%.

Биыл 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму  мемлекеттік бағдарламасының аясында жалпы сомасы 98,2 млрд теңге болатын 11 жобаны іске қосу жоспарланған, 2 мыңнан астам адамға жұмыс орны ашылады.

Олардың ішінде мынадай ірі жобаларды атап өткен жөн:

  • «Alacem» ЖШС — Кербұлақ ауданында «Қуаты жылына 1,2 млн тонна болатын цемент зауытының құрылысы» жобасы, жалпы құны 47 000,0 млн теңге, 400 жұмыс орны;

  • «SSA Feed Mills (ЭСЭСЭЙ Фид Миллс)» ЖШС — Панфилов ауданында (Қорғас АЭА) «Қуаттылығы жылына 60,0 мың тоннаға дейін құрама жем зауытының құрылысы» жобасы, жалпы құны 5 800,0 млн теңге, 87 жұмыс орны; 

  • «ТКМЗ» ЖШС — Талдықорған қаласында «Қуаттылығы жылына 82 мың тонна майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салу» жобасы, жалпы құны 8 600,0 млн теңге, 110 жұмыс орны;

  • «OTAN GreenFood» ЖШС — Ұйғыр ауданындағы «Құс фабрикасын қайта құру» жобасы, жалпы құны 10 496,5 млн теңге, 500 жұмыс орны.

Облыста тамақ өнеркәсібінде 352 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ең көп бөлігі (321 кәсіпорын) немесе 89%-ы шағын бизнес субъектілері болып табылады, онда 12,3 мың адам жұмыс істейді.

2020 жылдың басынан бастап 156,5 млрд теңге сомасына азық-түлік тауарлары өндірілді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 24,6%-ға көп.

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу деңгейі орта есеппен 45,2%-ға дейін, оның ішінде дәнді дақылдар – 39,6%-ға дейін, сүт – 19,3%-ға дейін, майлы дақылдар – 31,6%-ға дейін, ет – 40,6%-ға дейін, жеміс-көкөніс дақылдары – 6,5%-ға дейін, қант – 88,2%-ға дейін жеткізілді.

Сүт өнімдерін шығару бойынша тамақ кәсіпорындары қуаттарының жүктеме деңгейі 56%-ды, ет өнімдері – 61%-ды, балық өнімдері — 66%-ды, жеміс-көкөніс өнімдерін – 53%-ды, май өнімдері – 51%-ды, ұн өнімдері – 56%-ды, қант пен крахмал өнімдері – 44%-ды, уыт – 78%-ды және құрама жем – 81%-ды құрады.

Өндірілген өнімнің 80%-ы республика ішінде сатылады, ал қалған 17-20%-ы негізінен бұрынғы ТМД елдері мен Азия елдеріне, Қытайға экспортталады.

 

Өңдеуші өнеркәсіп құрылымында тамақ өнімдері өндірісінің үлесі 28%-ды құрайды

Негізінен өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері өндіріледі:

  • Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру — 56,7 мың тонна;

  • Балық өнімдерін өңдеу және консервілеу — 3,1 мың тонна;

  • Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу — 4164,2 мың литр жеміс және көкөніс шырыны, 1,4 мың тонна қайта өңделген және консервіленген көкөністер мен жемістер;

  • Өсімдік және мал майлары мен тоң майлар өндіру — 10,1 мың тонна;

  • Сүт өнімдерін өндіру — 88,3 мың тонна;

  • Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін өндіру — 64,7 мың тонна;

  • Крахмал мен крахмал өнімдерін өндіру — 7,5 мың тонна;

  • Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі - 28,2 мың тонна;

  • Малға арналған дайын жемшөп өндірісі — 282,9 мың тонна;

  • Өзге де тамақ өнімдерін өндіру — 88,7 мың тонна.

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда дайын өнім өндірісінің нақты мәніндегі көлемінің ұлғаюына қол жеткізілді.

Ет өнімдерін өндіру – 2,2 есеге, балық өнімдерін өндіру – 80,7%-ға, өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар – 2,4 есеге, өңделген сүт – 7,4%-ға, сары май – 11,7%-ға, ірімшік пен сүзбе – 2,7%-ға, жарма 21,4%-ға, жартылай уатылған күріш – 17,9%-ға, крахмал өнімдері – 2,3%-ға, кондитерлік өнімдер мен тәтті тоқаштар – 4,2%-ға, шоколад және шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер – 66%-ға, мал жемі – 33,6%-ға, табиғи жүзім шарабы – 1,4%-ға, минералды су және алкогольсіз сусындар өндіру – 1%-ға өсті.

Жыл басынан бері облыста экспорттық және консервіленген өнімдер 2,4 есе, өңделген сүт 7,4%-ға, сары май 11,7%-ға, өңделген өнім экспорты 42,3%-ға ($18,0 млн) өсті, бұл ет, сүт өнімдері, уыт, крахмал өнімдері, кондитерлік, нан-тоқаш өнімдері, балық және балық өнімдері экспортының өсуі есебінен мүмкін болды.

  • Ет және тағамдық қосымша ет өнімдері — 0,8 мың тонна;

  • Балық өнімдері — 0,8 мың тонна;

  • Сүт өнімдері — 1,8 мың тонна;

  • Қайта өңделген көкөністер мен жемістер — 0,5 мың тонна;

  • Бидай ұны және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер — 13,6 мың тонна;

  • Өсімдік және мал майы — 0,6 мың тонна;

  • Кондитерлік өнімдер — 1,5 мың тонна;

  • Жануарларға арналған дайын жем — 0,8 мың тонна;

  • Уыт, крахмал — 3,1 мың тонна;

  • Түрлі тамақ өнімдері — 0,4 мың тонна. 

Экспорттық өнімнің негізгі жеткізушілері облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындары болып табылады:

ет өнімдері

— «Әл-Ауқат Мейіржан» ЖШС — 20,9 тонна, Жамбыл ауданы, «Нұрмұханбет» ЖК 120 тонна, Ақсу ауданы, «АПК Майтөбе-Ет» ӨК — 80 тонна, Кербұлақ ауданы, «Арлан» ШҚ — 200 тонна, Сарқан ауданы, «Тәжікеев» ШҚ — 90,1 тонна, Ескелді ауданы, «Арқарлы-Майбүйрек» ЖШС — 175 тонна, Алакөл ауданы, «Инсар» ШҚ — 20 тонна, Қаратал ауданы;

құс еті және тағамдық қосымша өнімдер

— «Эпсилон продукт» ЖШС, «Алатау Құс» ЖШС, «Алель Агро» ЖШС, «Сары Бұлақ» ЖШС, Іле ауданы, «Когер ЛТД» ЖШС, Талдықорған қаласы;

макарон өнімдері

— «Маревен Фуд Тянь Шань» ЖШС — 532,3 тонна, Қапшағай қаласы;

балық өнімдері

— «Абилхайыр» ЖШС — 4,6 тонна Жамбыл ауданы;

сүт өнімдері

— ЖШС «Райымбек Агро» — 1 тонна Іле ауданы;

аспаздық өнімдер

— «Нестле Фуд Казахстан» ЖШС, Талғар ауданы.

Өнім негізінен ТМД елдеріне және Азия елдеріне, Қытайға экспортталады.

Саланың ең ірі экспорттаушы кәсіпорындары: «Жеңіс компаниясы-2006» — 2020 жылдың 1 жартыжылдығында экспорт көлемі 100,5 млн теңгеге 320 тоннаны құрады, «Азия Агро Фуд» АҚ — 2020 жылдың 1 жартыжылдығында экспорт көлемі 367,2 млн теңгеге 3596 тоннаны құрады, «Хамле компани ЛТД» шетелдік кәсіпорны» ЖШС — 2020 жылдың 1 жартыжылдығында экспорт көлемі 3075,2 млн теңгеге 2763 тоннаны құрады.

Осы жылдың шілде айында азық-түлік өндірісі 7,6%-ға өскені байқалады. Көлемдердің өсуі «Маревен Фуд» ЖШС (2019 жылы – 8,9 мың тонна өнім, 2020 жылы – 9,2 мың тонна немесе 104,2%) сияқты ірі компаниялардың тамақ өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту, «Хамле Компани ЛТД» кондитерлік өнімдерін ірі өндірушінің ассортименті мен өткізу нарықтарын кеңейту (2019 жылы – 8,2 мың тонна, 2020 жылы – 10,1 мың тонна немесе 124%), «Азия АгроФуд» АҚ ұн өндірісін ұлғайту (2019 жылы – 8,2 мың тонна, 2019 жылы – 101,1 мың тонна, 2020 жылы - 121,9 мың тонна немесе 120,6%) арқылы қамтамасыз етілді.

 

Өңір халқын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар басымдықта

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 119 жобаны жүзеге асыруға 40,8 млрд теңге қарастырылған (РБ – 12,6 млрд теңге, облигация – 10,4 млрд теңге, ЖБ – 17,8 теңге), оның ішінде тұрғын үй құрылысы 52 жоба (30,0 млрд теңге), инженерлік инфрақұрылым 67 жоба (10,8 млрд теңге).

Биыл 938,8 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 136,0 мың шаршы метр немесе 1 714 пәтер (519 тұрғын үй) пайдалануға беру жоспарлануда.

2020 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына барлығы 15,3 млрд теңге бөлінді (РБ – 9,0 млрд теңге, ЖБ – 6,3 млрд теңге), оның ішінде көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысына 8,6 млрд теңге бөлінді (РБ — 5,6 млрд тг, ЖБ — 3,0 млрд теңге).

Әлеуметтік осал топтарға 975 жалдамалы пәтер (377 үй) беріледі, оның ішінде 669 көп балалы отбасыларға арналған пәтер.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 50 пәтер сатып алынады, жалпы 719 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы ауданы 51,4 мың шаршы метр (10,4 млрд теңге) 648 пәтерлік 51 үй салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, жалпы ауданы 9 мың шаршы метр (2 млрд теңге) 91 коммуналдық үйдің құрылысы жүргізілуде. 6 264 учаскеге инженерлік-коммуникациялық желілер салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, 483,6 км желі жүргізілетін болады.

Жалпы алғанда, тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша іске қосу көлемі 43,4 мың шаршы метрге ұлғаяды және 939 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша — 136 мың шаршы метр (1714 пәтерге 519 үй).

2 767 кезекте тұрғандарды, оның ішінде 974 көп балалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда («Нұрлы жер» - 1239 отбасы, «7-20-25» - 403, «5-10-20» - 525, «Бақытты отбасы» - 600). Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 439 аз қамтылған және көп балалы отбасы баспанаға ие болды.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобаларын іске асыру тұрақты бақылауда

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2018 жылдан бастап облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында «Алматы — Өскемен-Лепсі — Ақтоғай» қайта жаңарту және «Сарыөзек — Қорғас — Қоғалы — Көксу — Қарабұлақм жолының 94-122 шақырымында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Алматы — Өскемен-Лепсі — Ақтоғай» 0-35 км қайта жаңарту объектісі бойынша 27 км жол қайта жаңартылды. 2021 жылдың соңына дейін нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жол елдегі ішкі туризм саласын дамыту мақсатында іске асырылуда. Атап айтқанда, Ақсу ауданындағы автомобиль жолдарының бірі Сарқан ауданында орналасқан Балқаш көлі болып табылады.

Сонымен қатар, «Сарыөзек — Қорғас — Қоғалы — Көксу — Қарабұлақ» 94-122 шақырымында 28 км асфальт төсемі салынды. Бұл нысанда қазіргі уақытта жолды жайластыру және жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл аталған нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын дамыту және ШОБ қолдау жөніндегі бағдарламаны іске асыру туралы

«Еңбек» бағдарламасының «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында 2020 жылы облыс бойынша 279,2 млн теңге бөлінді (РБ – 200 млн теңге, ЖБ – 39,2 млн теңге, ТОХ – 40 млн теңге). Оның 239,2 млн теңгесі шағын несиелеуге және 40 млн теңгесі жартылай кепілдендіруге жұмсалады. Осы жылдың маусым айында қаражат «АШҚҚҚ» АҚ аударылды.

Қазіргі уақытта «АШҚҚҚ» АҚ жалпы сомасы 12 млн теңгеге 1 жобаны, 78 млн теңгеге 8 жобаны мақұлдады. 70 млн теңге сомасына 6 жоба қаралуда, құжаттар жиналуда. 

Қараша айының соңына дейін 7 жоба бойынша тағы 79,2 млн теңге беру жоспарлануда. Осы жылдың соңына дейін 25 жұмыс орнын құрумен 22 қарыз алушыға несие беру жоспарлануда.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бөлігі Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құзырында.

Биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына 39 353 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту үшін 18,2 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінгі күні шаралармен 27,4 мың адам қамтылды.

Бірінші бағыт аясында 4 040 адамды оқыту жоспарлануда, оған 2,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:

  • тегін кәсіптік-техникалық білім беруге жастар арасынан 1535 адам жіберіліп, 1,7 млрд теңге бөлінді;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2505 адамға 594,4 млн теңге бөлінді.

ТКжТБ бойынша кадрларды даярлау қыркүйек айында басталады, қазір контингентті қалыптастыру жүргізілуде.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1772 адам жіберілді.

Екінші бағыт бойынша 5 639 адамды қамтумен 5,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 4,8 млрд теңгеге шағын несиелерді 1 094 қатысушыға (ауыл – 1080, қала – 14) беру жоспарлануда.

Ауылдарда, қалаларда микрокредиттеуге кепілдік беруге — 90 млн теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен — 10 млн теңге бөлінді.

Жыл басынан бері 485 ауыл тұрғыны 1974,4 млн теңгеге шағын несие алды. 

Қалаларда 2019 жылғы қаражат есебінен 106,5 млн теңге сомасына 11 адам несие алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2615 адам жіберілді, жоспар бойынша 2900 адам.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 879,7 млн теңге сомасына 200 АЕК-ке дейін 1645 грант беру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 555,6 млн теңге сомасына 1132 грант берілді.

Үшінші бағыт бойынша 29 674 адам қамтылып, 10,1 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінгі күні жіберілгендер:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 290 адам;
  • жастар тәжірибесіне -1569 түлек;
  • қоғамдық жұмыстарға - 17168 адам тартылды.

Қалаларда 2019 жылғы қаражат есебінен 106,5 млн теңге сомасына 11 адам алды.

2020 жылдың 1 тамызына қолдау шараларымен 27,4 мың адам қамтылды. Барлығы 22 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 4,7 мың адам орналасты.

Жұмыссыздықпен күресте «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын қолдану сияқты тетіктер табысты қолданылуда.

2020 жылғы 1 тамызға жылдық жоспар 46 116 болғанда 38 726 жұмыс орны немесе 84% (тұрақты – 15627, уақытша – 23099), оның ішінде: мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде – 22612, жеке бастама бойынша 16114 жұмыс орны құрылды.

Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны ауыл шаруашылығы – 3426, құрылыс — 4110, өнеркәсіп – 674, сауда – 980, білім беру – 577, көлік және қоймалау – 2, денсаулық сақтау – 503 салаларында және экономиканың басқа салаларында - 5355 жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

Көрсетілген шараларды қолдануды ескере отырып, статистикалық деректерге сәйкес 2020 жылдың II тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% (49,4 мың адам) құрады.

Осы жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 39 353-тен астам адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту үшін 18,2 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінгі күні шаралармен 27,4 мың адам қамтылды.

Облыс бойынша барлығы 38,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 15,6 мыңы — тұрақты.

Карантин кезеңінде босаған азаматтарды жұмысқа орналастыруға Жұмыспен қамтудың жол картасы айтарлықтай көмек көрсетті, оның шеңберінде 22,8 мың жұмыс орнын құрумен 109,2 млрд теңгеге 977 жоба іске асырылуда (оның ішінде 1,8 мың тұрақты және 10,5 мың Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша).

Бүгінгі таңда 216 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, 747 жоба жұмыс істеуде.

13 142 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 6 571 адам жұмысқа орналастырылды.

«Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» және «Даму» Қорының қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілері жалпы сомасы 15,8 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алады.

Қабылданған шаралар есебінен 65 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Өңір азаматтарына карантин режимі кезеңінде табыстарын жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалды.

Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырудың тиімді және айқын тетігін қамтамасыз ету үшін облыстың 20 ауданы мен қаласында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтар құрылды, облыстық штаб құрылады.

Облыс бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға барлығы 45655 өтініш түсті (54367 адам), оның ішінде автоматты тексеру нәтижесінде 25476 өтініштен бас тартылды.

Штабтарда 55 өтініш қаралуда, 20 124 мақұлданды. Әлеуметтік төлем 337 913 тұрғынға 21 250 теңгеден, 339 559 тұрғынға 42 500 теңгеден тағайындалды.

 

Пандемия жағдайында туристік орындардың дамуы тоқтатылмайды

Пандемия жағдайында Қазақстан Республикасы мен Алматы облысының бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес облыстық туристік объектілер жүктемеленудің 50%-ын ұстанып, объектілердің аумағына кіре берісте дезинфекциялық тосқауылдарды және/немесе тоннельдерді орнатуды, әрбір рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыруды және жүргізушілердің гигиенасына арналған жағдайларды, COVID-19 белгілері жоқ адамдарды ерте анықтау мақсатында персонал мен демалушыларды күнделікті бақылауды ұйымдастырды.

Жалпы, коронавирустың өршуі салдарынан карантиндік шараларды енгізу туризм саласындағы көрсеткіштердің төмендеуіне әкелді.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мониторинг деректері бойынша облыста 795 туристерді қабылдау объектісі жұмыс істейді (2019 жылдың 1 жартыжылдығында — 767 бірлік), өсім — 4%. 2020 жылы облыста 4,2 млрд теңгеге 27 туризм нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

1081 млн теңге сомасына жеке инвестицияларды тарта отырып, туристік инфрақұрылымның 14 нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 1 нысан Жамбыл ауданында, Алакөл көлі жағалауында — туристерді қабылдайтын 13 нысан, салынған жеке инвестициялар сомасы — 1061 млн теңге.

Орналастыру объектілерімен қызмет көрсетілген келушілер саны 421,9 мың адамды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 54% құрады (2019 ж. — 788,4 мың адам). 3621 млн теңгеге немесе 2019 жылғы деңгейіне 63% (2019 жылы — 5718,8 млн теңге) ақылы туристік-сауықтыру қызметтері көрсетілді. 

Тау кластері аумағында Талғар қаласындағы «Апорт» және «Ақ бұлақ» тау курорттарының, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Түрген» және Райымбек ауданындағы «Park Canyon» ойын-сауық кешенінің құрылысы бойынша жалпы сомасы 542,7 млрд теңге жеке инвестицияның ұзақ мерзімді ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Сонымен қатар, Алакөл көлінің жағалауында 4 млрд теңгеге «Alakol Apartments» жазғы амфитеатры бар коттедж қалашығының жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Жол бойындағы сервис — туризмді дамыту көрсеткіштерінің бірі

Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы» АҚ-мен және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мен бірлесіп туристік маршруттар бойында KazWay жол бойындағы кешендердің кезең-кезеңімен құрылысы басталды.

Бүгінгі таңда «Алматы-Өскемен» трассасының 143 км және 252 км (Талдықорған қаласына кіре берісте) 2 сервистік кешені салынды.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында өңірдің басым туристік бағыттарында 32 автономды санитарлық-гигиеналық тораптар (бұдан әрі - СМТ) орнатуға 480 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда санитарлық-гигиеналық объектілердің деректері, олардың GPS-координаттары, жер учаскелерінің мәртебесі (толығырақ қосымшада) анықталды, оларды аймақтың туристік объектілерінде, оның ішінде мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумақтарында орнату қажет.

Жоғарыда аталған СМТ орнату бойынша бірыңғай эскиз және коммерциялық ұсыныстар бекітілді. Қызметтерді жеткізушілерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 

 

Облыс агломерациясы шеткі аймақтарының инфрақұрылымдық мәселелері туралы

Биыл Алматы агломерациясының шеткері бөлігінде жалпы ауданы 52,5 мың м2 болатын 740 пәтерлік 88 кредиттік үй құрылысына 7,1 млрд теңге (облигациялар – 6,2 млрд теңге, бірлесіп қаржыландыру – 0,9 млрд теңге) бөлінді. Сондай-ақ, жалпы ауданы 30,8 мың м2 болатын 420 пәтерлік 66 жалға берілетін үйдің құрылысы үшін 3,4 млрд теңге (РБ – 2,5 млрд теңге, ЖБ-0,9 млрд теңге) қарастырылған.

Бұдан басқа, осы жылы қала маңы аймағында ТК және ЖТҚ үшін инженерлік желілер салу үшін 5,2 млрд теңге (РБ – 2,4 млрд теңге, ЖБ – 2,8 млрд теңге) көзделген. 

2020 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Еңбекшіқазақ топтық су құбырының құрылысын бастауға 1 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең топтық сутартқышының ЖСҚ түзетуге 200 млн теңге бөлінді. Жұмысты Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы «Қазсушар» РМК жүргізеді.

«G4 City» серіктес қалаларын газбен қамтамасыз ету мақсатында (2-ші кезектің 1-кезеңі бойынша) 2015 жылы «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырынан ұзындығы 10,2 км болатын, қуаты 200 Гкал/сағат қазандыққа дейін газ құбырының және АГТС құрылысы аяқталды. Биыл «Алатау» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға РБ-дан 2-ші және 3-ші іске қосу кешенінің құрылысына 713,8 млн теңге бөлінді.

 

Білім беру жүйесінің дамуы ерекше бақылауда

Бүгінгі таңда облыста 38 мектеп үш ауысымда оқиды. 3 ауысымдық оқытуды жою үшін 2020 жылы 17 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 1 қыркүйекке қарай 1200 орындық 3 мектеп іске қосылады.

Іле ауданы Түймебаев ауылы, Қарасай ауданы Шамалған станциясы, Жамбыл ауданы Жайсан ауылы), жыл соңына дейін 1 мектеп аяқталады (Жамбыл ауданы Қасымбек ауылы). Қалған 13 мектептің құрылысы 2021 жылы аяқталады. 

2025 жылға дейін 3 ауысымдық оқытуды жою үшін мектептер салу жоспары әзірленді: 2021 жылы — 13 мектеп, 2022 жылы — 9 мектеп, 2023 жылы — 11 мектеп, 2024 жылы — 5 мектеп салынады.

 
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу