Серік Жұманғарин еліміздің ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен саланы дамыту мәселесін талқылады

24 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік таңғы ас өткізді. Кездесуде  мемлекеттік органдармен бірге «Родина» ЖШС, «Зенченко и К» КС, Картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Макинск құс фабрикасы, «Еңбек» ЖШС, Қазақстанның астық консорциумы, Қазақстан қой өсірушілер одағы, «Галицкое» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» компаниялар тобы, «Райымбек Агро»  ЖШС, Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдар басшылары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алаңдататын және аса өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Қатысушылар субсидияларды бөлу және уақытылы беру, мал шаруашылығын дамыту және қолдау, ветеринариялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, экспорттық шектеулерді алып тастау және т.б. сияқты агроөнеркәсіп кешені саласының өзекті мәселелерімен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Отандық аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

«Елімізде әрбір шаруа – экспериментші, ал жеке зерттеу жүргізу өте қымбатқа түседі. Мемлекет аграрлық ғылымды дамытуға көп қаражат бөледі, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы бар, ол фермерлерді көкөністерді егу мерзімі, әдістері және басқа да ерекшеліктері туралы әдістемелермен қамтамасыз етуі керек», — деді «Олжа Агро» 

ЖШС басшысы Айдарбек Ходжаназаров.

Сүт өнімдерін өндірушілер өз тарапынан жоғары ретро-бонустарды қосатын сауда желілерінің практикасы жайлы айтты. 

Сұрақтардың әрбір блогы бойынша вице-премьер егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

«Біз барлық мәселелерді бірлесіп талқылаймыз, жақында сауда желілерімен кездесулер ұйымдастырамыз, қаржыландыру, субсидиялар бөлудің тұрақтылығы мен басқа да мәселелерді пысықтаймыз, айтылған ұсыныстар бойынша бөлек кездесулер өткіземіз. Барлық шешімдер мемлекет пен бизнестің мүдделерін ескере отырып қабылданатын болады» , — деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу