ТДМ қағидаттарын енгізу халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді — Ә. Смайылов

Қазақстан ТДМ даму индексі бойынша 12 позицияға көтерілді.  Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің (ТДМ) V отырысы кезінде белгілі болды. 

Атап айтқанда, ковидтан кейінгі кезеңдегі ТДМ-ге қол жеткізудегі жетістіктер, даму мақсатында қаржыландыруды бағалау нәтижелері, ТДМ ұлттық индикаторлары және БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған  тұрақты дамудың жаңа шекті бағдарламасын іске асыру мәселелері қозғалды.

ТДМ бағдарламалары 5 топқа бөлініп, сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық экономика, ақпарат және қоғамдық даму, энергетика министрліктеріне бекітілді.

Әр саладағы жауапты тұлғалар кездесуге қатысушыларға бағдарламалардың орындалу барысы, 2020 жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті және Қазақстан мен БҰҰ-ның алдағы бесжылдықтағы ынтымақтастығы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, 2030 жылға дейінгі ТДМ ұлттық индикаторларының тізімі талқыланды. Бұл тізім 200-ден астам тармақты қамтиды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов ТДМ қағидаттарын іске асыру халықтың өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға, оны халықаралық стандарттарға жақындатуға және халықаралық имиджді нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Анықтама үшін:
«Адамдар» тобы халықтың денсаулығын жақсартуға, әл-ауқаты мен игілігіне, сапалы білім мен гендерлік теңдікке қол жеткізуге, сондай-ақ кедейлік пен аштықты жоюға бағытталған.
«Планета» тобына 5 мақсат кіреді: су ресурстарын ұтымды пайдалану, тұтыну мен өндірудің ұтымды заңдылықтарына көшу, климаттың өзгеруіне және оның салдарларына қарсы күрес, құрлықтағы экожүйелерді қалпына келтіру.
«Бейбітшілік» тобы әділеттілік пен мықты институттардың бейбітшілік мақсаттарын қамтиды.
«Серіктестік» тобы «Тұрақты даму үшін жаһандық серіктестік аясында жұмысты жандандыру және іске асыру құралдарын нығайту» мақсатына жетуді көздейді.
«Өркендеу» тобы қолжетімді және таза энергиямен, лайықты жұмыс орындарымен және экономикалық өсіммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондай-ақ, бұл топқа индустрияландыру, инновация, теңсіздікті төмендету, қалалар мен елді мекендердің тұрақты даму мәселелері кіреді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу