Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту

2020 жылы туризм коронавирус пандемиясынан аса зардап шеккен салалардың бірі болды. Алматыда 2020 жылдың 11 айында шетелдік туристер саны 72,5%-ға азайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 2021 жылы Алматыда туристер санын жылына 1 миллионға дейін арттыру жоспарланған. Мегаполисте туризмді дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын шолу материалынан оқыңыздар.

Қаланы дамытудағы перспективалы бағыттардың бірі – туризм. Осы жылдың 7 айында ғана салаға салынған инвестициялар 56,8 млрд теңгені құрады (өсім 2,4 есе). Бұл қала инвестицияларының жалпы көлемінің 10%-ы. 

2021 жылдың екі тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы орналастыру орындары бойынша туристердің жалпы саны 501,4 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде шетелдіктер — 54,2 мың адам, ішкі туристер – 447,2 мыңнан астам адам.

2021 жылдың 8 айында Алматы қаласына 235 мыңнан астам шетелдік жолаушы келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Бүгінде келушілердің бестен бір бөлігі және шетелдік туристердің 45%-ы Алматыға келеді. Бұл елдің әрбір екінші шетелдік туристі.

Осыған байланысты жыл сайын қалада халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер салынады. Соңғы 3 жылда «Mercure», «Novotel», «Hilton» және «Holiday Inn Express» сияқты әлемдік деңгейдегі 4 қонақ үй ашылды. 2021 жылдың соңына дейін «Жетісу» қонақ үй кешенін ашу жоспарда бар. Сондай-ақ биыл экологиялық туризм саласындағы 4 жобаны іске асыруды бастау көзделіп отыр. 2021-2022 жылдар аралығында Medeu Park Hotel қонақ үй кешенін, Qazaq Ayl эко-отелін, Бутаковкада Tau-Tas глэмпингін, Түйік-Су шатқалында глэмпингті, Бутаковкада Tau Hub визит-орталығын, ҮАК-та визит-орталығын салу жоспарланған.

Тау инфрақұрылымын дамытуға және таудағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді. Қалалық ортада қонақтарға жайлы болуы үшін қаланың ең танымал туристік орындарында 5 визит-орталық пен 25 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарда бар.

Таулы жерлерде 3 жыл ішінде 1000 км-ден астам таулы жаяу маршруттар цифрландырылды, олардың 500 км-ге жуығы абаттандырылды. 2021 жылы Үлкен және Кіші Алматы шатқалында 6 кемпинг аймағын құра отырып, жалпы ұзындығы шамамен 172 км болатын тау бағыттарын абаттандыру көзделген. 

Таудағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2021 жылы мыналардың құрылысы аяқталады:

  • Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында тауда құтқарушылардың 16 адамнан тұратын қосымша штатының тәулік бойы кезекшілік етуімен 2 бақылау-құтқару пункті;
  • «Түйік-су» шатқалындағы тікұшақ алаңы;
  • 15 радиорелелік діңгек орнатумен (құтқару отрядтарына дабыл беру батырмалары бар) және «Tau Go» смарт-навигатор қосымшасын әзірлеумен тау маршруттарының шалғай тораптық учаскелерінде 15 тау үйшігі;
  • таулы жерлерде туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру.

Сондай-ақ «Қазақтелекоммен» бірлесіп таудағы «ақ аймақтарды» ұялы байланыспен қамту жобасы пысықталуда. 

Сонымен қатар бүгінде Алматы қаласында маркетингтік ілгерілету бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қала жыл сайын халықаралық көрмелерге қатысады, ТМД-ның 5 ірі қаласында – Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Баку және Ташкентте Алматы қаласының туристік брендін офлайн ілгерілету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Алматы қаласын ТМД елдерінде офлайн ілгерілету бойынша күтілетін жиынтық қамту шамамен 7 млн адамды құрайды. Бұл қалалар Алматыдан тікелей әуе қатынасы мен ашық шекараның болуына байланысты таңдалды. Бұдан басқа, жалпы 50 млн интернет қолданушыны қамти отырып, онлайн-ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Саланың кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылады. Жыл сайын гидтер мен экскурсия жетекшілеріне арналған семинарлар ұйымдастырылады. Әлеуметтік туризмді дамыту шеңберінде тұрақты негізде Алматы өңірінің объектілері бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады. 2021 жылы 300 ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектерге, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 200 балаға экскурсиялар өткізілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу