Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Жиынға орталық атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиында орталық ведомстволар мен мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін оңтайландыру, Жол картасының жобасын әзірлеу мәселесі талқыланды.

Жиынды қорытындылап, Е. Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, талқылауды ескере отырып, қаралған мәселелерді одан әрі зерделеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу