ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020

4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

— Баға мониторингі және әрекет ету шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығару туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, көтерме сауда нарықтарын дамыту стратегиясы, ҚР-дағы агро-логистикалық және көтерме-тарату орталықтары туралы Қазақстандағы АДБ өңірлік өкілдігінің директоры Д. Каппанелли баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

— ҚР цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу