ҚР Үкіметінің отырысы, 06.10.2020

6 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.  

—  Үкімет отырысында ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру және фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды. 

— Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Алматы облысының әкімі А. Баталов баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нарықты отандық азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауды және ішкі нарықта жетіспейтін өнімдер өндірісін мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын кеңейту мәселелерін пысықтауды тапсырды.

— Фармацевтика өнеркәсібін дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, «Химфарм» АҚ директоры А. Исенова, «Dolce-pharm» ЖШС коммерциялық директоры Б. Демеуова, Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Г. Манақпаева баяндады. 

— Үкімет басшысы отандық фармацевтика өндірісі үшін, әсіресе, клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтарды ынталандыру тұрғысынан мемлекеттік қолдау шараларын ауқымды түрде кеңейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу