ҚР Үкіметінің отырысы, 07.09.2021

— Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы және Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені қаралды.

— Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ұсынған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары ҚР Президентінің негізгі бағыттары мен бастамалары бойынша 102 тармақтан тұрады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына жоспар іс-шараларының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша дербес жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

— Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев баяндама жасады.

— Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға көзделген шараларды орындауға дереу кірісуді, Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысына мониторинг жасауды тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу