09 Маусым 2020, 13:18
9 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
— 2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша экономиканың жай-күйі туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады.
— Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев хабарлады.
— Республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы қаржы министрі Е. Жамаубаев баяндады.
— Өнеркәсіптегі жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов баяндады.
— Энергетика секторын дамыту туралы энергетика министрі Н. Ноғаев баяндады.
— Агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады.
— Сондай-ақ өңірлердің дамуы туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады.
— Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Мамин бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу