ҚР Үкіметінің отырысы, 10.12.2020

—  Үкімет отырысында  2020 жылғы қаңтар-қарашадағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және орман ресурстарын қорғау және пайдалану мәселесі қаралды. 

 — Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіптегі, энергетика секторындағы ахуал және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен тарифтердің бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды 100% орындау, сондай-ақ қаржы жылының соңына дейін бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеруді тапсырды

— Орман ресурстарын қорғау және қалпына келтіру туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов баяндады.

— Үкімет басшысы экология, ауыл шаруашылығы, индустрия, қаржы министрліктеріне екі ай мерзімде Ормандарды қалпына келтірудің және ағаш өсірудің кешенді жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне елді мекендер мен мемлекеттік орман қорындағы жасыл желектерді түгендеу, орман қорғау қызметтерін материалдық-техникалық және кадрлық жарақтандыруды нығайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу