ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020

21 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру барысы және экономика салаларындағы жергілікті қамтуды дамыту, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру барысы мен  құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту, сондай-ақ реттелетін сатып алу мәселелері қаралды. 

— Коронавирус инфекциясымен күресу бойынша елдегі ағымдағы ахуал туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин баяндады. 

— Премьер-Министр А. Мамин әкімдіктерге, денсаулық сақтау және индустрия министрліктеріне өңірлердегі ауруханаларды қажеттіліктеріне сай ӨЖЖ аппараттарымен а.ж. тамыздың соңына дейін қамтамасыз етуді және әр өңірде Тұрақтандыру қорларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорын жасау тапсырды. 

— Құрылыс саласында қазақстандық қамтудың дамуы туралы индустрия және инфрақұрылымды даму министрі Б. Атамқұлов, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жергілікті қамтуды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов,  екінші деңгейлі банктердің бизнес-үдерістерін оңтайландыру туралы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Е. Бахмутова  баяндады.   

— Үкімет басшысы  бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылау жұмысын екі ай ішінде аяқтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу