ҚР Үкіметінің отырысы, 24.01.2023

24 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндама жасады.

— Премьер-Министр Кешенді жоспардың арқасында Абай облысында «Аягөз – Бақты – Қытай шекарасы» теміржол учаскесі, тау-кен байыту комбинаты, «Айдарлы» мыс кен орнын игеру, ет комбинаты, «құрғақ» порт және логистикалық парк сияқты ірі жобалар да іске асырылғанын айтып өтті.

— Сонымен қатар Үкімет отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды. Аталған мәселе бойынша төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Сонымен қатар өңірлердегі қазіргі ахуал мен жұмыс жоспарлары туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров айтып берді.

— Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр биыл қыс қарлы болғанын және ауа райы күрт жылынып кетсе, су басу қаупі күшейетінін атап өтті. Бүгінде 255 елді мекен мен 100 мыңнан астам үй қауіпті аймақта тұр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу