ҚР Үкіметінің отырысы, 27.09.2022

27 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев баяндама жасады.

— Премьер-Министр ұлттық жобаның шағын бизнесті сапалы дамытуға және орта бизнесті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Әлихан Смайылов бизнеске арналған қарсы міндеттемелерді ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруды тапсырды. Әкімдіктерге кәсіп ашам деген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» палатасына бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту жұмыстарын жалғастыру, сондай-ақ бизнеске арналған міндетті талаптарды, оның ішінде жаңадан енгізілетін талаптарды да қайта қарау тапсырылды.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының алдын ала қорытындылары қаралды. Науқан барысы туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндады.

— Премьер-Министр астық жинау жұмыстарын тез арада толықтай аяқтап,  астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз етуді және оны үздіксіз тасымалдау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу