ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020

28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары, сондай-ақ электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды. 

— Еліміз бойынша эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес шараларына қатысты ағымдағы жағдай туралы денсаулық сақтау министрі  А. Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов  баяндап берді

— Бірінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

— Электронды сауданы дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін уақытша атқарушы Б. Мусин баяндады. 

— Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы «бір терезе» қағидаты бойынша онлайн саудадағы тұтынушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосу жұмысын жандандырып, тиімді кері байланысты жолға қоюды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу