ҚР Үкіметінің отырысы, 30.09.2020

30 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.  

—  Үкімет отырысында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай, алдағы жылыту маусымына әзірлік және Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 

— Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Е. Есқалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр және т. б. баяндады. 

— Бірінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қажетті техниканы, жабдықтар мен қорғаныш құралдарын өңірлерге жеткізуді, санитарлық режимнің кез келген бұзушылықтарына жол бермеуді және өңірлерде дәрілік препараттардың бағасын бақылауды тапсырды

— Жылыту маусымына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Исқалиев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр баяндады. 

— Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы әкімдерге белгіленген мерзімдерде барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын және қажетті көлемде отын жеткізуді аяқтауды, сондай-ақ энергия өндіретін және энергия жеткізетін ұйымдармен бірлесіп, жылыту маусымын жүргізуге дайындық паспорттарын тез арада алуды қамтамасыз етуді тапсырды.

—  Кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Е. Адайбеков, сондай-ақ «Beeline Казахстан» бас атқарушы директоры Е. Настрадин баяндады.

— Үшінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі халық саны 250 адамнан аз ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу