Нарықтың меншік иесіне сауданы ұйымдастыру үшін дербес жауапкершілік бекітіледі - Б. Сұлтанов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы

14 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы азық-түлік өнімдерінің физикалық және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігінің нақты көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сауда және интеграция министрлігіне берілген тапсырмаларды іске асыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов баяндады.

Мәселен, бірінші сауда және игтеграция министрі ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосуға қатысты жауап берді. Б. Сұлтанов бұл жобаны жүзеге асырудың бірқатар субъективті және объективті себептаерге байланысты кешіктірілгенін растады.

Атап айтқанда, бюджетке жүктемені төмендету мақсатында қаңтар-ақпанда қаржыландыру шарттары өзгерген жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты аясында мемлекет міндеттемесінің деңгейін қайта қарауды талап етті. Қаржыландыру құралдарын қайта қарау және оған жаңа инвесторларды тарту бойынша консорциуммен келіссөздер жүргізілді.

«Мемлекет басшысының ескертулерін ескере отырып, біз ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қолданыстағы моделін қайта қарау бойынша жұмысты бастадық. Біз мүдделі инвесторларды тарта отырып, көтерме сауда орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийлерін қарастырып жатырмыз», — деді сауда және интеграция министрі.

Оның айтуынша, белгіленген мерзімде тиісті тәсілдер Мемлекет басшысына баяндалатын болады.

Әрі қарай сауда және интеграция министрі нарық иелерінің жауапкершілігін күшейтуге қатысты баяндады. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура биылғы мамыр айында 122 нарықты тексеруді аяқтады. Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема анықталды.

«Бас прокуратурамен, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар заңнамалық түзету әзірленді», — деді Бақыт Сұлтанов. 

Олар мынадай бағыттар бойынша нарықтардың қызметін одан әрі жаңғырту жөніндегі шараларды көздейді:

1) нарықтың меншік иесіне сауданы ұйымдастыру үшін дербес жауапкершілікті бекіту;

2) нарықтарға қойылатын біліктілік және инфрақұрылымдық талаптарды белгілеу;

3) отандық тауар өндірушілердің сауда алаңдарына бәсекелі және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құру.

Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген. Ол Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

«Айналым схемасы» құралының тиімділігіне қатысты Б. Сұлтанов инфляцияның айтарлықтай импортына және дүрлікпе сұраныстың пайда болуына байланысты жаңа жағдайда пандемиялық және геосаяси шектеулердің нәтижесінде бұл тетік өзінің тиімділігін көрсеткенін айтты.

«Тікелей өндірушілерге айналым және инвестициялық қаржыландыру мемлекеттің бизнесті қолдау жөніндегі бірқатар бағдарламасында жүзеге асырылады. Сонымен бірге «айналым схемасының» міндеті жергілікті атқарушы органдардың атынан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация, әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары өндірушілері мен өнім берушілерінің, сауда желілерінің өнімді жеткізу мерзімдерін, көлемдері мен бағаларын тіркейтін өзара міндеттемелерін бекітуден тұрады», — деді ол.

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов бірнеше мысал келтірді. Мәселен, Қарағанды облысында 2 709 тонна көлемінде картоп жеткізуге бөлшек саудада 85 теңге белгіленген бағамен келісімшарт сәуір айында жасалды, ал коммерциялық баға сол уақытта 175 теңге болған. Нәтижесінде облыста картоп сатудың ең төменгі бағасы 135 теңгені құрады.

Қырыққабат бойынша да осындай жұмыстар жүргізілді, Түркістан облысынан ерте егіннің өңіраралық ағындары жолға қойылды. Нарықты толтыру қорытындысы бойынша келісімшарт жасалған өніммен бағаны ең жоғары өсімнен 273 теңгеден 124 теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізілді.

«Аталған жұмыс барлық өңірлер бойынша жүргізілді, осыған байланысты біз қазір өнім бағасының біртіндеп төмендеуін байқап отырмыз. Сонымен қатар аталған механизм Мемлекет басшысымен сынға алынды, себебі аталған міндетті іске асырудың тиімділігін арттыру бойынша пысықтауды талап етеді», — деді Б. Сұлтанов.

Министр апта сайынғы Цифрлық Үкімет кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен селекторлық кеңес өткізілетін ақпараттық жүйе бойынша қазіргі таңда пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар нарық қатысушылары белгілейтін нақты бағалар туралы халық пен бизнесті барынша ақпараттандыру көзделіп отыр.

«Екінші жағынан, жалпы тауар айналымындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің «айналым схемасын» қаржыландырудың көлемі бар болғаны 4%-ды құрайды. Сондықтан ол нарыққа толық әсер ете алмайды. Осыған байланысты қаражат қозғалысы ашықтығының және олардың тиімділігінің артуына байланысты қаржыландыру біртіндеп ұлғаятын болады», — деді ҚР СИМ басшысы. 

Негізгі тауарлардың балансын қалыптастыруға қатысты. Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, негізгі тауарлардың теңгерімін қалыптастырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлейтін болады. Бұл ретте министр азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмысты өз бақылауына алады.

«Бұл бағдарламада ішкі нарықты толықтыру жөніндегі қарсы міндеттемелерді бекіту бөлігінде саланы субсидиялау және қолдаудың басқа да шараларын ұсыну бойынша тәсілдер қайта қаралатын болады. Нақты және тиімді өндірушілердің тезірек пайда болуына назар аударылады. Қант қызылшасы мен қантты өндіру мен қайта өңдеудің өзіндік жеткілікті саласын қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады», — деп түйіндеді Б. Сұлтанов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу