24 Маусым 2019, 18:01
21-22 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына және Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласының тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысымен, көлік инфрақұрылымымен және салынуымен танысты.
Түркістанда ҚР Премьер-Министрі облыс орталығының салынуын тексерді.
ҚР Үкіметінің басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайтын болады деп жоспарланған.
ҚР Премьер-Министріне 610 төсек-орындық болашақ көпбейінді облыстық медициналық орталық жобасы таныстырылды. Жаңа аурухананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шетелдік және отандық инвесторлар бірігіп салатын болады.
Сапар аясында Асқар Мамин облыс орталығының құрылысы барысын тексеріп, әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсаттарда салынып жатқан нысандарды көрді.
Шымкентте ҚР Үкіметінің басшысы қалалық кәріз-тазарту жүйелерінің аумағында болып, ағын суларды тазарту жүйесінің және жауын-шашын суларынан электр энергиясын өндіру үшін өңдейтін кешеннің жұмысын көрді.
ҚР Премьер-Министрі «Shymkent Bus» бірінші автобус паркін аралады, онда қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту туралы баяндалды.
Бұдан өзге, Асқар Маминге жаппай тау-шаңғы спортын дамытуға ықпал ететін «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің жобасы таныстырылды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу