Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101

2021 жылғы 22-28 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 26 ақпанда Асқар Мамин Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысына қатысты. Жиын барысында Шетелдік инвесторлар кеңесін жаңғырту мен инвестиция тарту жөніндегі жүйелі шаралар, шетел инвесторлары үшін мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыру, кәсіпкерлік субъектілерді қолдау жөніндегі жедел шаралардың жаңа топтамасының әзірленуі туралы мәселелер талқыланды.

  • Cейсенбі күні, 23 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыста Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім қаралды. Премьер-Министр барлық мүдделі мемлекеттік органдарға Келісім іс-шараларының белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді қарау кезінде Премьер-Министр тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру және биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу үшін заңнамаға түзетулер енгізу туралы заң жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі жедел штабтар құруды, алдағы су тасқыны кезеңіне күштер мен құралдардың дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • Бейсенбі күні, 25 ақпанда ҚР Үкіметінің басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар холдингтің облигацияларын шығару арқылы 10 жылда қосымша қаржы тарту туралы шешім қабылдады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2020 жылғы төртінші тоқсандағы тәуекелдері жөніндегі есебі және Ішкі аудит қызметінің сәйкес кезеңдегі есебі бекітілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу