Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96

2021 жылғы 18-24 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 18 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұлттық экономика, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ұжымдарына жаңа тағайындалған министрлер Әсет Ерғалиев пен Серік Шәпкеновты таныстырды.

  • Сейсенбіде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді. Жаңа тағайындалған ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мемлекеттік қызметші ретінде ант берді. Отырыста елдегі сантиралық-эпидемиологиялық жағдай қаралды

  • 20 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, онда инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексеріп, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.

  • 21 қаңтарда Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды. Үкімет басшысы Түркістан қаласының инфрақұрылымдық нысандарының құрылыс барысын тексерді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу