Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі №644 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №569 және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 2 маусымдағы №355 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:

11-тармақ алып тасталсын;

22-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігінің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;»;

2) «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі №872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №355 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң регламeнтінде:

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң регламентіне 1-қосымшада:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу