Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 03 қыркүйектегі №655 Қаулысы

Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізудің кейбір мәселелері және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу медициналық көрсетілетін қызметтерінің есебін бөлек жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы үшін:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі және 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іске асыру қорытындылары туралы ақпарат берсін.

4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы                   № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,   2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы қаулының қолданысы Қарағанды облысы үшін 2019 жылғы  31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.»;

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қосымшада:

«Консультациялық-диагностикалық көмек» деген 2-бөлімде:

«Көрсетілетін қызметтердің атауы» деген 2-баған:

мына:

«

 

8. Ангиография

Айғақтар бойынша

»

деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 «

 

Мамандардың жолдамасы бойынша онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттерге арналған қымбат тұратын диагностикалық қызметтердің түрлері:

Айғақтар бойынша

 

  • омпьютерлік томография

 

Айғақтар бойынша

 

2. Магниттік-резонанстық томография

 

Айғақтар бойынша

».

5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс, осы қаулыға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда,   2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

 

Қосымша 1

Қосымша 2 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу