Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы

Жарияланды: Бейсенбі, 09 Қыркүйек 2021

«Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуы тиіс ақша сомасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуы тиіс ақша сомасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу тәртібін реттейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. арнайы шот – Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шот;
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығы;
  3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің (бұдан әрі – жүйенің әкімшісі) функцияларын жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға;
  4. туристік код – шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;
  5. уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жүйенің әкімшісі:

  1. шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін әкімшілендіруді;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасын қабылдауды;
  3. туроператормен және туроператор-әуе кемесімен жалданушымен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкімен жасасқан Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен аударылатын ақша сомаларының және банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын сомалардың мөлшерін индекстеу бойынша уәкілетті органға ұсыныстарды дайындау үшін талдамалық және зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Жүйе Қазақстан Республикасы азаматтарының турагенттермен, туроператорлармен, туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылармен, жүйенің әкімшісімен және уәкілетті органмен іскерлік сипаттағы сапарларға байланысты құқықтық қатынастарына қолданылмайды.

Іскерлік сипаттағы сапарларға кәсіби-іскерлік мақсаттарда уақытша болатын елге (жерге) ақылы қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасы азаматтарының баруы жатады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

«2-1-тарау. Енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтару және аударымдарды есепке жатқызу әдісінің қолданылу тәртібі

7-1. Жүйенің әкімшісі Заңның 27-2-бабына сәйкес:

  1. жүйе туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметтің түрін тоқтатқан жағдайда олардың кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілерінің болмауы шартымен жүйе туроператорына немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысына енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруға;
  2. банк кепілдігінің шекті сомасына қол жеткізілген кезде жүйе туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы енгізген банк кепілдігін осы туроператорға немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушыға қайтаруды жүзеге асырылады.

Енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтару үшін туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы жүйенің әкімшісіне еркін нысанда жазбаша өтініш жібереді.

7-2. Жүйе әкімшісі 10 жұмыс күні ішінде туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы аударған қаражатты салыстыруды жүргізеді, туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкету фактілерінің болмауын тексереді, сондай-ақ туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының туристерін әкету қажеттігінің бар немесе жоқ екенін ескереді.

7-3. Жүргізілген салыстырудан кейін жүйе әкімшісі 5 жұмыс күні ішінде:

1) осы Қағидалардың 7-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, енгізілген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты;

2) осы Қағидалардың 7-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, енгізілген банк кепілдігін қайтару немесе қайтарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

7-4. Банк кепілдігін қайтаруды жүйе әкімшісі 15 жұмыс күні ішінде банк кепілдігін қабылдау тапсыру-актісін жасау арқылы жүзеге асырады.

Өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүйе әкімшісі 15 жұмыс күні ішінде қаражатты туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

7-5. Осы Қағидалардың 7-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк кепілдігі қайтарылған жағдайда, өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражат сомасы тиісті қаржы жылында банк кепілдігімен қамтамасыз етілуге жататын ақша сомасынан төмен болған жағдайда, туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы осы соманы 5 жұмыс күні ішінде толықтырады не күнтізбелік 30 күн ішінде жүйе әкімшісіне банктік кепілдік шартының түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

7-6. Банк кепілдігін және өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтарған кезде, сондай-ақ банк кепілдігі шекті сомаға жеткен кезде комиссиялық алым және осы туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын әкетуге жұмсалған қаражат Заңның 27-3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталады.

7-7. Жүйе әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, жүйе әкімшісі осы туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы жүйеге кірген сәттен бастап үш жылдан кейін жүйенің туроператоры немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушысы үшін келесі күнтізбелік жылға аударымдарды есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етеді.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайлар орын алған кезде жүйе әкімшісі бір тәулік ішінде мынадай шараларды қабылдайды:

  1. мәліметтердің дұрыстығын, орындау мүмкін еместігі, туристік қызмет көрсету шарты бойынша туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының міндеттемелерді орындауына мүмкіндіктің болмауын, орындамауын немесе дұрыс орындамауын анықтайды;
  2. осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда мәліметтер расталса, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы шешімді уәкілетті органмен келісіп қабылдайды;
  3. уәкілетті органмен келісу бойынша қабылданған шешім туралы туроператор және (немесе) туроператор-әуе кемесімен жалданушы басшысын, туристер болған елдегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесін хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін жүйе әкімшісінің арнайы шотындағы қаражат жетпеген жағдайда, сондай-ақ арнайы шоттан пайдаланылған қаражатты өтеу үшін жүйе әкімшісі туристік қызметтер көрсету шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған туроператордың және/немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының банктік кепілдемесінің міндеттемелерін орындау бойынша екінші деңгейдегі банкке талап қояды.

Екінші деңгейдегі банктер жүйе әкімшісі талабының негізінде талап түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде жүйе әкімшісінің немесе жүйе әкімшісі белгілеген үшінші тұлғалардың (олардың бірлестіктерінің) пайдасына банктік кепілдіктермен қамтамасыз етілген сомалар шегінде ақша төлеуді қамтамасыз етеді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
11 Қазан 2021, 14:54
12 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2021, 12:52
ҚР Үкіметі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыруды бекітті
11 Қазан 2021, 10:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
11 Қазан 2021, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №709 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №703 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қазандағы №700 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі №668 Қаулысы
11 Қазан 2021, 09:20
А. Маминнің БАӘ-ге сапары: бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
10 Қазан 2021, 11:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132
09 Қазан 2021, 12:37
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен жанар-жағар май бағасы мәселесі бойынша кеңес өткізді
09 Қазан 2021, 07:59
Е. Тоғжанов Орал қаласында өнер сарайының ашылуына қатысты
08 Қазан 2021, 20:23
Е. Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады
08 Қазан 2021, 18:06
ЕЭК отырысында интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шешім қабылданды
08 Қазан 2021, 17:43
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарастырды
08 Қазан 2021, 08:25
А. Мамин СИБУР басшысы Д. Коновпен мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
07 Қазан 2021, 19:43
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Қазан 2021, 10:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы №702 Қаулысы
06 Қазан 2021, 15:02
А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының басшысы К. Микуриямен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 18:28
Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
05 Қазан 2021, 16:37
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР экономикасына ТШИ көлемі 30,4%-ға артты
05 Қазан 2021, 16:14
Р. Скляр кореялық бизнес қауымы өкілдерімен кездесті
05 Қазан 2021, 14:44
ҚР Үкіметінің отырысы, 05.10.2021
05 Қазан 2021, 13:11
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру: 2025 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
05 Қазан 2021, 12:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Alstom басшысы А. Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді
05 Қазан 2021, 11:16
2030 жылға дейін Қазақстанда суармалы жерлер көлемі 3 млн га дейін жеткізіледі — С. Брекешев
05 Қазан 2021, 11:03
А. Мамин су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
05 Қазан 2021, 09:54
2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 2,1 трлн теңгеге даму жобалары жүзеге асырылады
04 Қазан 2021, 14:38
5 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қазан 2021, 12:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №685 Қаулысы
04 Қазан 2021, 12:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №682 Қаулысы
04 Қазан 2021, 11:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі №677 Қаулысы
03 Қазан 2021, 09:47
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №131
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.